Деми-Ли Нель Питерс - биылғы Лас-Вегаста 66-шы рет өткен халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы. Оңтүстік Африка Республикасының тұрғынын "әлемдік сұлулық" сайысын ұйымдастырушылары өздерінің Twitter парақшасында ыстық ықыласпен әлем аруларының қатарына қосылуымен құттықтап, жазба қалдырды.
Let’s welcome #MissUniverse 2017 Demi-Leigh Nel-Peters from South Africa to the sisterhood! ? pic.twitter.com/Sw0SDQZjOJ
— Miss Universe (@MissUniverse) November 27, 2017
Оған қоса, 2017 жылдың әлем сұлуларының үштігіне ямайкалық Давина Беннет және колумбиялық Лаура Гонсалес енді. Ал біздің елді "Алматы аруы 2016" байқауының жеңімпазы, 19 жастағы Камила Асилова таныстырды. "Әлем аруы" атану үшін жер шарының түкпір-түкпірінен келген 92 сұлу бақ сынады.
Қазақстанды әлемге таныстырған сұлу Камила Асилова
22 жастағы оңтүстік африкалық сұлу байқауда әйелдердің өзін-өзі қорғау мәселесін көтеріп, қазылар алқасын ақ жүрегімен, жанашырлығымен әйелдер мәселесін қаншалықты білетіндігімен таң қалдырды.
Сонымен қатар, Деми-Ли жалт-жұлт еткен тәж киіп, риясыз күлкісін паш еткен бірнеше секунд ішінде жанкүйерлердің "Әлем аруы" жайында, оның қалай бұл атаққа ие болғандығына аса қатты қызығушылық таныта бастағаны хақ.
The next #MissUniverse is... SOUTH AFRICA! pic.twitter.com/GxlFcdJnV5
— Miss Universe (@MissUniverse) November 27, 2017
"Сұлулық әлемді құтқарады" демекші, Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Әлем аруы жөнінде" сіз білу керек бес нәрсені назарыңызға ұсынады!
- Деми-Ли Нель-Питерс "Әлем аруы" тарихында 1978 жылдан бері Оңтүстік Африкадан қатысып, жеңімпаз атанған екінші ару. Ол Маргарет Гардинер есімді әйелден кейінгі екінші Оңтүстік Африка мақтанышы. Деми-Ли Африка контингентіне жарқыраған тәж бен зор мақтанышты алып келді.
- Деми-Лидің байқауда әйелдердің өзін-өзі қорғау мәселесін көтеруі жеке басынан өткен оқиғаға байланысты туындаған. Ол «Оңтүстік Африка» аруы атағын жеңіп алғаннан кейін бір ай өткен соң ұрланған және оған қару кезелген. Бұл жағдай ол үшін өмірлік тәжірибе болды. Оның бастамасы- әйелдерге өзін-өзі қорғауды және керекті дағдылармен қамтамасыз етіп, жоғарыда аталған оқиғаға ұқсас жағдайды болдырмау үшін іске асты.
- Өзінің өте аз да болса бос уақытында Деми-Ли гольф ойнағанды ұнатады. Instagram-да спорт залынан түрлі жаттығулар жасау сәтін жариялап тұрғанмен, сұлу бикеш бойды тыныштандыратын көк шөпте гольф ойнағанды бәрінен де қатты жақсы көреді екен.
- Ол жақында ғана ЖОО -н тәмамдаған: Нель-Петерс Оңтүстік-Африкадағы Солтүстік-Батыс университетінен кәсіпкерлік мамандығын меңгерген.
5. Деми-Лидің ең басты ынталандырушысы оның 10 жастағы сіңлісі Франже: "Менің сіңлім дүниеге жарымжан болып келді және оның мүмкіндігі толығымен шектеулі. Ол менің өмірімдегі ең үлкен ынта-жігер мен шабыт беруші, ол арқылы мен өмірдің қаншалықты ерекше екенін түсінемін және ол үшін әрдайым екі есе ауыр жұмыс істегім келеді", дейді Деми-Ли.
Пікір қалдыру