«Медеу ауданында 173 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді»

/uploads/thumbnail/20171128184818268_small.jpg

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері. Аудан орталықтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» тақырыпта брифинг өтті. Баспасөз конференциясына Алматы қаласы Медеу ауданың әкімі Жылқыбаев Ержан  Жұматұлы қатысып, белгіленген тақырып аясында ой өрбітті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ержан  Жұматұлы ақпаратына сүйенсек, Медеу ауданы қала көлемінде барлық салық түсімінің 30%, қаржылық операциялардың 70% және көтерме сауда айналымының 5 бөлігін қамтамасыз етеді. Салық түсімі 10 ай ішінде өткен жылмен салыстырғанда 16,7 млрд. теңге өсті  немесе 360 млрд. теңгеге түсіммен қамтылған.

Ауданда жаңа бизнес нысандары тұрақты түрде ашылуда. Шаруашылық субъектілерінің жыл сайынғы өсімі 976 бірлікті құрады және өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсті.

Ауданда 173 өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішінде 16 ірі және орта. Бос тұрған кәсіпорындар жоқ.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 98,3 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,9 млрд.теңгеге өсті. Жалпы өндіріс көлемінде аудан үлесі 15,1% -ды құрады.

Сонымен қатар, ауданда жеке инвестициялар белсенді түрде тартылуда. Мәселен, 2017 жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 88,3 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылы 11 ірі нысан ашылды. Инвестиция көлемі 4,5 млрд. теңге құрады. 270-тен астам жаңа жұмыс орны ашылды, - деп хабарлады аудан басшысы.

Аудандық экономиканың негізін шағын және орта бизнес құрайды. Олардың саны 19 мыңға жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 963 бірлікке көбейді. Яғни, жыл сайын біз ШОБ өсімін 5,2% -ға қамтамасыз етеміз.

Оны дамыту мақсатында біз кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды белсенді іске асырып жатырмыз. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 14 жоба (қызмет көрсету саласы, балабақшалар) жүзеге асырылып, 195 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның жоба сомасы 8,6 млрд. теңге құрады. «Жібек Жолы» өңірлік бағдарламасына сәйкес 10 жоба,  1,1 млрд.теңге іске асырылды (тамақ өнімдері мен сусындар қамтамасыз ету бойынша қызметтер, мейрамханалар, медициналық орталықтар, фитнес-клубтар)- деп сөзін қорытындылады Е.Жылқыбаев.

Аудан басшысының сөзіне сүйенсек Жұмыстың нәтижесі кіші бизнес субъектілеріне мемлекеттік гранттар  мақұлданған. Олар «Инвентив» ЖШС, робототехника мектебінің жобасы, сондай-ақ «Триумф ЛТД» ЖШС-нің жалпы сомасы 6 млн. теңге болды.

Бос тұрған жайларды тарту бойынша бағдарлама шеңберінде «Сымбат» Академиясы мен «Батырбекова Ш.Б.» ЖК арасында келісімшарт жасалды.

Ресурстық емес және білімге негізделген экономика – ең 
ұтымды бағыт. Бұл бағытта еліміздің инновациялық дамуының және инновациялық әзірлемелерді енгізу үшін өңірлік хабқа айналуға арналған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы бар.      2 жыл ішінде «Алатау» АЭА аумағында орналасқан компаниялардың саны төрт есе өсті және олардың саны 134 болды.

Пайдалану кезеңінде инвестиция көлемі 24 млрд. теңгеден асты, 132 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Жыл басынан бері  АЭА қатысушыларымен 565 жұмыс орны құрылды. Жұмыс орындарының жалпы саны 3 851 құрайды.

«DSMultimedia» ЖШС, ҚБТУ Бұрғылау Орталығы және Қазақстан теңіз академиясы пайдалануға берілді.

Өндірілген өнім - 25,2 млрд. теңге. Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы 2,13 млрд. тг. құрады.

Сауда саласында айтарлықтай көрсеткіштер сақталады. 2017 жылғы 10 айда бөлшек сауда айналымы 288,6 млрд. теңгені құрады. Қала көлемінде көтерме сауданың үлесі 18% немесе 1,4 трлн. тг, былтырғы жылмен салыстырғанда үштен бір өсім. Дағдарысқа қарамастан, ауданымыздың тұрғындары сатып алудың санын азайтқан жоқ. Бұл, өз кезегінде, жаңа сауда үйлері мен супермаркеттердің ашылуымен («Toi Mart» супермаркеті) байланысты.

2017 жылдың қыркүйегінде аудан деңгейінде екінші рет «Жылжымайтын мүлікті дамыту» инвестициялық форумы өткізілді. Форум барысында дамыту жобалары, кепілге салынған жер учаскелері түріндегі активтер, кеңселік кеңістіктердің инновациялық шешімдері талқыланды – деп хабарлады аудан басшысы брифинг барысында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар