Екі жылда 56 баланы зорлаған педофил құрықталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып. Педофил Татарстан Республикасының Альметьевск қаласында тұрады.
Әлеуметтік желіде екі фейк парақша ашып алған. Парақша арқылы кішкентай қыздар мен ұлдардың сеніміне кірген.
10 жастағы қыз бен 14 жастағы баланың атынан отырып ол балаларды алдап, жалаңаш суреттерін жіберуді сұраған. Бір сурет жеткен соң ол суреттерді таратып жіберемін деген қорқыту арқылы басқа да суреттерді жіберуге мәжбүрлеген.
Қылмыскер- педофил әлеуметтік желі арқылы кейбір кішкентай құрбандарының үйіне барып, зорлық-зомбылық көрсеткен.
Бас аяғы 2 жыл ішінде қылмыскер 56 баланы қорлап үлгерген. Оның 51 қыз, 5-еуі ұл бала.
Пікір қалдыру