Дәурен Абаев Беларусь Жоғары технологиялар паркінің директорымен кездесті

/uploads/thumbnail/20171129130018556_small.jpg

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Минск қаласында Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директорымен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақапарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қарашада Минскіде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директоры Всеволод Янчевскиймен екіжақты кездесу өткізді. 

Кездесуде тараптар стартап экожүйелерінің дамуына және екі елдің венчурлық қаржыландыру институттарына қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, цифрлық экономика бойынша комиссия құру да жоспарланды. Комиссия Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссиясы аясында құрылады. 

Сондай-ақ, кездесуде талқыланған өзекті мәселелердің бірі – блокчейн технологияларын қолдану мен оның құқықтық реттелуі болды. 

Кездесу соңында тараптар, жоғары технологиялар саласында екіжақты ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар