Үндістанда су перісіне ұқсайтын сәби дүниеге келді

/uploads/thumbnail/20171209160725688_small.jpg

Үндістанның Калькутта қаласының 23 жастағы тұрғыны аяғы бірігіп кеткен сәбиді дүниеге әкелді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға  сілтеме жасай отырып.

Маскура Биби жүктілік кезінде дәрігерге қаралуға жағдайы болмаған екен. Сәбидің дамуындағы су перісі синдромы аталатын ауытқу тек перзентханада анықталыпты. Сәби дүниеге келгеннен 4 сағаттан кейін шетінеп кеткен.

«Сәбидің ата-анасы қарапайым жұмысшылар. Тұрмыстары нашар болғандықтан, медициналық қызмет көрсетілуіне ақша төлей алмаған»,- дейді аурухана дәрігері Судип Саха.

Дәрігердің сөзінше, мұндай синдром анасының дұрыс тамақтанбауынан немесе қан айналымының бұзылуынан болуы мүмкін.

Қатысты Мақалалар