Бүгін Мәскеуде өткен Кәсіпқой бокс бәсекесінде жерлесіміз Ибрагим Ескендір қарсыласы қырғыздың ММА-ден əлем чемпионы Серғазы Шақтановты 2-раундта құлатты, деп сүйіншілейді Qamshy.kz.
Патриоттық әндерімен халықтың жүрегінен орын алған әнші Ибрагим Ескендір енді былғары қолғапты бәсекеде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.
Ол «Қамшыға» берген эксклюзивті пікірінде «Ән әлемінде көк байрағымды желбіреттім. Ендігі мақсатым - сол көк туымызды кәсіпқой бокста желбірету», - деген еді.
Ол, 168 фунтта (76,2 кг - авт.) жұдырықтасты. Ибрагим Ескендірді дебютті бәсекесіне белгілі боксшы, досы Бобыржан Момынов жаттықтырған.
Айта кетсек, Ибрагим Ескендір 2001-2007 арасында айналысқан.