Испанияның салық қызметі «Реалдың» үздік ойыншысы Криштиану Роналдуды салықтан жалтару ісі бойынша айыптап отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі newslentarf.ru мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
32 жастағы спортшы 2011-2014 жылдар арасында салық органдарынан 14,8 млн еуро жасырып қалды деген күдік бар. 22 желтоқсанда Посуэлода сот отырысы өтеді.
Егер Роналдуға тағылған айып дәлелденсе, футбол жұлдызына Испания қазынасына 30 млн еуро төлеуге тура келеді. Аталған соманың ішіне 14,8 млн еуро айппұл мен пайыздық өсім де кіреді.
Ал Роналду ешқашан салық төлеуден қашпағанын мәлімдеп отыр.
Пікір қалдыру