Саакашвили өзін «олигархтардың тұтқынымын» деп, Украина әнұранын орындады

/uploads/thumbnail/20171211182429110_small.jpg

Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили өзін украиндық олигархтардың тұтқынымын деп атады. Бұл туралы ол Киевте өткен Печерск аймақтық сотының залында 11 желтоқсанда мәлімдеді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Интерфаксқа сүйеніп жазады.

«Бізге ешқандай конфронтацияның керегі жоқ, мен ешқандай да жедел іс-қимыл жасауға шақырып тұрғам жоқ», деген Саакашвили өз жақтастарымен бірге Украинаның әнұранын айтты.

Печер соты Саакашвилиге қатысты сот ісін дүйсенбіде түстен кейін бастаған. Оған тағылған айып: «ұйымдасқан топпен бірге қылмыс жасау». Бас прокуратураның хабарлауынша, ол «Рухтың жаңа күштері» саяси қозғалысының көшбасшысы және бұрынғы президент Виктор Януковичтің қарамағындағы адамдардың қаржыландыруымен бірнеше рет митингі ұйымдастырған.

Сот басталысымен судья залдағы журналистерді шығарып жіберді, себебі олар дауыстарын көтеріп, сұрақтар жаудыра бастаған. Сыртта да полиция мен Саакашвили адамдарының арасында қақтығыс болып, олардың бірі полицияға түтін шығаратын зат лақтырған.

Саакашвилиді қамауға 5 желтоқсанда алмақ болған, алайда бұрынғы Одесса облысының губернаторының адамдары оны қоршап, миктоавтобуспен құтқарып алып кеткен. Екінші рет 8 желтоқсанда ұстаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар