Астана мен төрт облыста жолдар жабылды

/uploads/thumbnail/20180111100504845_small.jpg

Астана қаласы мен еліміздің төрт облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада 11 қаңтар сағат 01:00-ден бастап жел күшейіп, бұрқасын болып, жолдың нашар көрінуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін барлық жол жабылды.  

 

Ақмола облысында 10 қаңтар сағат 21:30-дан бастап Екатеринбург — Алматы — 1275-1353 км (Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейін), Екатеринбург — Алматы — 915-1247 км (Жақсыдан Астанаға дейін), Астана — Қорғалжын — 19-180 км, Астана — Ерейментау — Шідерті — 16-205 км, Қостанай — Әулиекөл — Сұрған — 232-260 км, Жақсы — Есіл — Бұзылық — 26-82 км, Астана — Қабанбай батыр —облыс шекарасы — 16-51 км, Астана — Петропавл — 18-293 км (Астанадан Көкшетауға дейін) республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды. 

Қарағанды облысында 10 қаңтар сағат 22:00-ден бастап Алматы — Екатеринбург — 1051-1142 км (Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына дейін), Қызылорда — Павлодар — 433-749 км (Жезқазғаннан Атасу елді мекеніне дейін) республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.  

 

Қызылорда облысында 10 қаңтар сағат 23:00-ден бастап Самара — Шымкент — 1474-1240 км (Әйтеке би елді мекенінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін), 1630-1720 км (Қорқыт мемориалынан Бұқарбай батыр аулына дейін) республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды. 

Павлодар облысында 11 қаңтар сағат 00:43-тен бастап Астана — Шідерті — 205-259 километрлер (Шідерті аулынан Ақмола облысына дейін) автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар