Ғалымдар қай елде жасөспірімдердің өлімі көп болатынын айтты

/uploads/thumbnail/20180112163159710_small.jpg

АҚШ 20 жасқа дейінгі жас жеткіншектердің қаза болу көрсеткішіне байланысты көш бастап тұр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасай отырып. –

Балтимордағы Джон Хопкинс ауруханасының зерттеушілері Әлемдік денсаулық сақтау ұйымындағы деректерді пайдалана отырып 1961 мен 2010 жылдар аралығындағы адам өлімінің себептерін анықтаған. Кішкентай балалар мен жасөспірімдердің көз жұму себептерін анықтау барысында 20 жасқа дейінгі америкалық жас жеткіншектер өзге елдерге қарағанда 57%-ға артық көз жұмған екен. Олардың қатарында Канада, Австралия, Франция, Швеция және Ұлыбритания елдері де бар.

Ғалымдардың айтуынша, АҚШ-та кішкентай балалар мен жасөспірімдердің өлімі артып келеді екен. 2001-2010 жылдар аралығында АҚШ-та 20 жасқа дейінгі жас жеткіншектердің өлімі өзге елдермен салыстырғанда 76%-ға көп болған.

Сонымен қатар, жас жеткіншектердің көпшілігі оқ тиіп жарақаттану нәтижесінде көз жұмады екен. Ғалымдардың айтуынша, 15 пен 19 жас аралығындағы балалардың 82%-ы оқ тиіп жарақаттану салдарынан қаза тапқан.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар