Осыдан он жыл бұрын Досым Сәтпаев екеуіміз Бермуд үштағаны жөнінде зерттеу жасадық: билік, кәсіп және қоғам.
Ол кезде кәсіптің көңіл-күйі жоғары еді: мұнай бағасы ашытқы салғандай өсіп, жылжымайтын мүлік сомасы жоғарылаған заман. Кәсіпкер мен билік бірін-бірі ұтымды пайдаланып, табысын ұлғайтып жатты. Ақша дегенің жындының қолындағы махоркасы сияқты көп болды. Ал халыққа бар үстелінен жомарттықпен беріліп жатқан қалдықтар жап-жақсы жетіп жатқан болатын.
Досым екеуіміз неліктен бұл мәселені талқылай бастағанымыз есте қалмапты. Бірақ біздің билік пен кәсіп арасында туындауы мүмкін ғаламат текетірес туралы апокалипсисті ойымыз жиылған кәсіпкерлердің күлкісін келтіріп қана қойды. Олар біз оқыған есепті сыпайы және іш пыстырарлық деген кейіппен тыңдап, арқамыздан қағып қана тарқаған болатын.
Арада небәрі бірнеше ай өткен кезде дауыл басталды. Шындығын айтқанда, Азияда орнаған дағдарыс біздің элитаның ғажап көңіліне қаяу салмай қоймады. Бірақ түптің түбінде тарихтың тар жылнамаларында өзгенің қолымен оңай іске асқан құйтұрқы «Суперхан» жоспары туындап жатқан еді. Басқасын қойғанда, бұл корпоративтік кәсіпке қатал бақылауды орнату жөніндегі жоспар болатын.
Біздің кәсіпкерден тартып алар ештеме де қалмаған еді. Капиталистеріміздің барлығы алманы темірге, темірді теледидарға, ал теледидарды консервіленген тағамға айырбастаған кездерін ұзақ уақыт еске алатын халге жеткен кез. Қажыгелдин кәсіпкерлерді жомарттықпен жақында ғана жаңадан ажырасқан әйелдей сұлу болған елді «кескілеуге» шақырды.
Бұл кескіні аңғал ақсүйектікпен Бірлік инвестициялық қорлары (ПИФы) арқылы немесе басқа да жолдармен әділетті түрде іске асырғысы келгендер, бұл мәселеге жүйелі түрде жақындаған технократтармен бетпе-бет келді.
Әділеттілік үшін айта кетерлігі, «қоймадан» шыққан майлы жіліктерін мұнай өнеркәсібіне ұсынғанмен, өздерінің өндірісіне салмады.
Бірақ біздің саудагерлеріміз «қолындағы құсты» - «аспандағы тырнаға» айыр бастауды жөн көрді. Аспандағы тырнамен салыстырғанда, қолдағы құстың көлемі бапталған үйрекпен бірдей болатын. Елімізде иесіз активтер өте көп болғанмен, уақыт өте келе түрлі дәрежедегі сәттілікпен сатылымға түсіп, із-түссіз жоғалып кетті. Әрине, ізсіз ғайып болды деуге келмейді, олардың ізі тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында еріген қардың астынан шықты.
Сөзсіз көшбасшы - «Казкоммерцбанкті» иеленетін Нұржан Сұбханбердин болатын. Меніңше, ол кабинетінен министрлер мен супердержава елшілері үзілмейтін, еліміздегі ең ықпалды капиталистердің бірі болды деуге келеді.
Жалпы алғанда, біз капиталистерімізді тыныштықта да, мерекеде де көрсетуге ұялмайтындай едік. Тартымды, ақылды да интеллигентті, стильді киінген Болат Әбілов, Мұхтар Әбілязов, Зейнолла Кәкімжанов, Нұрлан Смағұлов, Марғұлан Сейсембаев, Раимбек Баталов, Қайрат Мажібаев және басқа да алғашқы толқын буыны әдетте текті «тұқым» өкілдері деген мөрді басып алғандай көрінетін.
Мүмкін, осы артықшылықтары билікте отырғандардың ызасын туғызған басты себеп болса керек.
«Суперхан» бағдарламасы аясында «мыналардың қалтасына ақша бітсе, билікке таласады әлі» деген ақылгөйлер көбейе түсті. Әзірге Астананың дәлізін өздерін өмірдің бұл мерекесінде бөтенсінетін кедей шенеуніктер тұрақтаған еді.
Билік пен ақша арасындағы тартыс басталып кетті.
Әмбебап стандарттарға сәйкес, билік өкілдеріне де ел ішілік шығындарды өтейтін қаржы жеткілікті еді. Олардың ешқайсысы да әлі өздері отырған ағашты аралап жатқандығын білмеді.
Капиталистердің саясатпен ойнауы «атақсыз қалған сәтсіздік» деуге келмейді. Наразылықтардың катализаторы Рахат Әлиев болды. Кәсіпке келген бәленің барлығын Әлиевтің кесірінен деген үлгі түсінікті еді. Кейіннен олар интеллектілеріне аса мән бермеген биліктегі ағалары өздерімен ойын ойнағанын түсінді.
Кәсіп дегенің көңілді жобаларды, партиялар мен басқа да келісілген идеологиялық іс-шараларды қаржыландыруға шақырылатын жеңіл жүрісті қызға айналды. Расын айту керек, әділеттілік те сақталды, кәсіпкерлерге мемлекеттік субсидиялар мен басқа да айлакерлікпен ойластырылған сызбанұсқаларға қатысуға мүмкіндік берілді.
Олардың арасында «табыс табуға болады, бірақ саясатқа араласуға болмайды» деген жасырын келісім орнады. Тап осы кезде тіпті ешқандай кәсіпкерлік тәжірибесі болмай, тек кішігірім сауда дүңгіршегі барлардың табысы ұлғайып, байлардың саны артты.
Бюджет қаржысын жымқыру саудагерлік қарқынмен басталды. Жиі-жиі бұл әрекет заңды жолмен, яғни құрметті тудың астында квазимемлекеттік ұйымдар арасындағы шатасқан мәмілелер арқылы іске асып жатты. Марғұлан Сейсенбай айтқандай, ең тәтті жемістердің айналасында үнемі қасқырлар кезіп жүреді.
Президенттің «мен әр қайсыңды түрмеге қолыңнан жетектеп алып бара аламын» деген пайғамбарлық сөзі тіпті, еңбегін адал істеп, сөзсіз бөлісуге дайын жандардың да зәре-құтын қашырды.
Бүгінде, қазақстандық кәсіпкер өзін жоғалтты: ендігәрі саясатпен ойнамау аздық етуде. Ендігі ол өзінен не талап етілетіндігі туралы түсіне де алмайды.
Соңғы жылдары Қазақстаннан кетіп жатқандар: кәсібі тартып алынғандар немесе тартып алынады деген күмәні жоғарылар. Мемлекеттен әкетіліп жатқан қаржы қоры да ұлғайып келеді.
Қашқындардың ішінде әр түрлілері бар, олар: өзіне қойылған барлық талаптарды орындаған Сұбханбердин, талаптарды қабылдамаған Әбілязов, бизнесі тартып алынған кәсіпкерлер мен көп мөлшерде қаржы жымқырғандар да біздің мемлекетте жазасыз қалу үшін елден кетуде. Бірақ олардың барлығын біріктіретін бір ғана нәрсе бар – олардың ешқайсысы кеткісі келмеген.
Тіпті, аузындағы алтын қасығымен туа салған, орталықтың баласы, автоқаламсаптан ауыр зат көтермеген Нұржан Сұбханбердиннің өзі Қазақстанда, төрде отырып, бешбармақ жеп қартаюды армандайтыны әлі есімде.
Өткен күндері Марғұлан Сейсембайдың келгенін айыптамаған бір күн немесе компания қалған жоқ. Адамдарды соншалықты дүрліктірген не? Оның елімізде, экологиялық таза, ауыл шаруашылығынағы төменгі маржиналды өнеркәсіпте бизнес ашқысы келгендігі көптеген ұсақ кәсіпкерлерге үміт беріп, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағдарламаларды күшейтті.
Сейсембай ешқашан мен ұнататын адамдардың қатарында болмаған. Өйткені, мен Альянс банктің халықтың сауатсыздығын пайдаланған кәсіби моделін қабылдамағанмын.
Бірақ, арада бірнеше жыл өткен кездегі кездесуде оның ішкі жан дүниесі қаншалықты өзгергендігін байқап тамсанып қалдым. Ол өзін ешқашан да бостандық үшін пен демократия үшін күрескер деп есептеген емес, бірақ Facebook парақшасында жобалары туралы анық-қанығы айтылған жазбалар қалдыра бастады.
Мен ойлағандай, Марғұлан көңілі қалған жайттар туралы айта бастапты, басынан өткендерін есепке алғанда, әрине бұл әрекеті себепті. Оның достары, билік пен ақшаға көңілі қаншалықты суығандығы туралы тек іштей аңғаруға болады.
Алайда, көпшігі сияқты төменге құлдырартудың орнына, тағдыр оған мүлдем басқа құндылықтарды сыйлады. Бастысы, ол билік емес, халықтың санасын өзгерту керектігін түсінді. Еліміздегі әрбір тұрғынға өзіне, өз күшіне сену керектігін үйретуді аңғарды. Біз өзгерсек – билік те өзгереді. Шындығында, екі сөзбен айтқандағы «рухани жаңғыру» дегеніміз осы.
Осыдан он жыл бұрын Досым екеуіміздің айтпақ болғанымыз да осы еді.
«Эксклюзив» журналы
Қазақшалаған Замира Пулатова
Пікір қалдыру