Алматы әуежайында өткен тәулікте 20 әуерейсі кешіктірілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бқл туралы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
«Кешіктірілген рейс саны - 20, тоқтатылғаны - жоқ. Қазіргі таңда Алматы әуежайында тік көрінім – 290 метр, жазықтық көрінім – 2 500 метр. Әуе кемелерін қабылдау мен ұшыруға шектеу жоқ», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Сонымен, 24-25 қаңтар күндері төмендегідей рейстер кешіктірілді:
Алматы-Қызылорда – технкиалық себеп (электроника ақауы), Алматы-Санкт-Петербург – техникалық емес себепке байланысты әуе кемесін ауыстыру, Алматы-Душанбе - техникалық емес себепке байланысты әуе кемесін ауыстыру, Алматы-Ташкент – жолаушы салдарынан (медициналық көмек көрсету), Алматы-Астана – техникалық себеп (электроника ақауы), Алматы-Мәскеу – жолсерік қатесі, Алматы-Киев – әуе кемесінің кешігуі, Алматы-Тбилиси – жолаушыларды қосымша отырғызу, Алматы-Астана – әуе кемесіне жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету, Алматы-Ақтау – резервтегі жоспарланған ӘК жетіспеушілігі, Алматы-Сеул - резервтегі жоспарланған ӘК жетіспеушілігі, Алматы-Бангкок – тіркеудегі қате, Алматы-Астана – техникалық себеп (электроника ақауы), Алматы-Семей - резервтегі жоспарланған ӘК жетіспеушілігі, Алматы-Қостанай – әуе кемесінің кешігуі, Алматы-Жезқазған – әуе кемесінің кешігуі, Алматы-Франкфурт – 25 қаңтарға ауыстыру, Алматы-Мәскеу – әуе кемесінің кешігуі, Алматы-Шарджа – Шарджадағы метеожағдайға байланысты, Алматы-Бейжің – әуе кемесінің кешігуі, делінген хабарда.
Пікір қалдыру