– «Бақытжан Сағынтаев Үкіметі отставкаға кетуі мүмкін» деген қауесет бүгін Сол жағалауда гулеп кетті. Премьерлікке кандидат ретінде Кәрім Мәсімовтің, Асқар Маминнің және Әсет Исекешевтің аты аталады.
Отставка болуы мүмкін. Бақытжан Сағынтаевтың кабинеті бір жылдан аса уақыт жұмыс істеді. Бұдан ерте кетсе, әбестеу болар еді. Ал Кәрім Мәсімовтің премьер орынтағына оралудан тәжірибесі мол және халық онысын бірқалыпты қабылдаған. Кәрім Қажымқанұлы – дағдарысқа қарсы премьер атанған адам. Оның бұрыннан жинаған, арнайы қызметті басқарғанда арта түскен саяси салмағы жаңа бағытты жүзеге асыруда, әсіресе, банкирлердің тәбетін қайтаруда кәдеге жарайтын еді. Бірақ бұл Кәрім Мәсімовтің өзіне керек пе?
Бірінші вице-премьер Асқар Маминнің премьер-министр атануына бір-ақ қадам қалды. Алайда мұндай орайлы сәт Өмірзақ Шөкеевте де талай болған. Кадрлық ауыс-түйіс сайын оның үкіметті басқару ықтималдығы азайып бара жатқандай. Сондықтан тағдыр кейде тәлкекке салуы мүмкін.
Әсет Исекешев те премьер-министрдің орынбасары болған. Кезінде елдегі ең ірі холдинг саналатын «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» басшылығына қарастырылған. Әйтсе де ол Астананың алдағы 20 жылдығына байланысты осы орнында қала беретін шығар. Қанша дегенмен, «аттарды өткелде айырбастамайды». Бірақ мәселе онда емес, Есімовтің кандидатурасында болса, Исекешевтің премьерлігі туралы сыбыстар, тіпті, 20 жылдық қарсаңында да шындыққа айналуы мүмкін.
Қалай десек те, 6 ақпанға дейін ештеңе өзгере қоймас. Яғни отставка болған жағдайда министрлердің көбі өз орынтағын сақтап қалады деген сөз. Елдің бір өңірін басқаруы мүмкін делінетін Жеңіс Қасымбектен өзгесі. Әрине, одан басқалары да ауыс-түйіске дайын болуы керек, – деді саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің Telegram каналында.
Пікір қалдыру