Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы белгілі журналист Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Бүгін Біржан Сартбекұлы Сөктай Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды. Ол Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бiтiргеннен кейiн еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облыстық телеарнасынан бастады. Ол бүгiнге дейiн түрлi БАҚ-та жемiстi жұмыс атқарды. Республикалық «КТК», «ОРТ» «Еуразия», «МИР» телерналарында шыңдалды. Атырау және Ақмола облыстық телеарналарында басшылық қызметтi де атқарды. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметiнде жұмыс iстедi. Соңғы қызметі – халықаралық «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары. Бiржан әрiптесiмiзге жаңа қызметте де табысты еңбек етуiне тiлектеспiз!» – деді Берік Уәли.
Біржан Сартбекұлын «Қамшы» порталының ұжымы да шын жүректен құттықтайды!
Пікір қалдыру