«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында, «Өрлеудің» 2018–2022 жылдарға арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық жобасы аясында «Үштілділік – ұлттық сананы қалыптастыру және рухани жаңғыру» атты пән мұғалімдеріне арналған республикалық «дөңгелек үстел» болып өтті.
Білім беру ұйымдарында үштілділікті енгізу мәселелері бойынша сындарлы проблемаларды талқылау және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған онлайн режиміндегі іс-шараға жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары мен пән мұғалімдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, ПҚ БАИ кафедраларының оқытушылары және бөлім қызметкерлері, Алматы қалалық Білім басқармасының өкілдері қатысты.
Жиналғандар алдында сөз алған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.д. Р.Садуақасова бұл жиынның өзектілігіне, бірлескен шешімдерді іздестіру қажеттілігіне, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің маңыздылығына тоқталды.
«Дөңгелек үстел» басында химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізу, сондай-ақ, оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде және қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Дүние жүзі тарихын» орыс тілінде оқыту тәжірибесі талқыланды.
Алматы қалалық Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Қарлығаш Әбдіманапова Алматыда 8-сынып оқушыларының ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық пәндерді игеруі бойынша 27 пилоттық мектеп жұмыс істеуді бастап кеткеніне тоқталды. Ал О.Жандосов атындағы №105 гимназия директоры Әлия Сандықбаева педагогикалық ұжымның көптілді білім беруді дамыту жағдайындағы менеджмент және мониторинг ерекшеліктері туралы айтты. №34 гимназия директоры Зәуреш Бейсембаева үштілді білім беруді енгізу жағдайында семинарлар, коучингтер арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің қыр-сырымен бөлісті.
Пікір қалдыру