Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жігіт сұлтаны» өтті

/uploads/thumbnail/20180528151022480_small.jpg

Алматы қаласы білім бас­қар­масының «Оқушылар сарайы»  әкімшілігінің ұйымдастыр­уымен  «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Ұйымдас­тыру­шылар бұл жолғы сайысты «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасымен сабақтастырды.

Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеуде  маңызы зор бұл байқау жігіттерді  қанаттан­ды­рып, өнерінің шыңдал­уына үлкен үлесін тигізді.  Еңбекпен қатар қоғамдық шараларға белсен­ді­лік­пен атсалысқан жігіттер жан-жақтылығымен көпшілікті тәнті етті. «Өмірге әркімнің-ақ бар та­ласы» дегендей, әр қатысушы жеңіс жо­лын­да шыдап бақты.  Сайыста шар­шы топтың алдына шығып  тосыл­ғандар да болды, арыны қатты ақын­дар да болды. Өз өнерін көрсетуде өзгелерден ерек болған Алатау ауданы №178 лицейдің  8-сынып оқушысы Жала­ладин Әбдірәсіл Бас жүлдені иелен­ді.

Осы сынды сайыстар ұлы дала ұландарының талабының шыңдал­уына зор әсер етіп жатыр. Жас­тарды қанаттандыратын байқаулар  өткізіліп тұрса, әлем тоқтаусыз дамып жатқан заманда елін сүйетін құрыштай мықты азаматтар  көбейе­тіні сөзсіз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар