Қарағанды емханаларында сұмдық жағдай болды, деп хабарлайды 31 арна. Бес жасар баланы сүндетке отырғызбақшы болған дәрігер байқаусызда жыныс мүшесінің басын қоса кесіп тастаған. Баланың анасы өз ісіне салғырт қараған дәрігерлерді медицина саласынан аластатылуын талап етуде. Ақ халаттылардың кесірінен сау балам мүгедек болып қалды деп әйел шырылдап отыр. Нана өзін де, баласын да камераға түсірмеуге өтінді. Отағасы жуырда ислам дінін қабылдап, екі баласымен бірге өзі де сүндетке отырмақшы болған. Бірінші баласына ота сәтті жасалғанымен, екінші ұлын есіктің сыртында жарты сағат күтеді. НАНА, АНАСЫ: -Жарты сағат күттік. Хирург ештеңе айтпады. Жедел жәрдем шақырып басқа емханаға алып кетті. Төрт сағат операция жасады. Содан кейін барып бірақ білдік, басын бірақ кесіп тастапты. Бұдан кейін де балаға бірнеше рет ота жасалды. Бірақ жарасы үсті-үстіне асқынып кеткен керісінше. Шешесі болса, өз ісіне салғырт қараған мамандардың жазаланбағанына қапалы. Өйткені нақты айғақтар болса да, арнайы құрылған комиссия рақымшылық заңына сәйкес, барлық әрекетін ақтап шықты-дейді. Ал, емхана басшылығы болса, кім қателеспейді, мамандарымыздың біліктігі жоғары деп өздеріне шаң жуытар емес. МАРГАРИТА ЗАСУХИНА, №4-ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: -Оның кәсіби біліктілігі жоғары. Тәжірибелі хирург. Түсініңіздер. Дегенмен қателік бәрінде болады ғой. Сол қателіктің кесірінен бала мүгедек болып отыр енді. Ал, Емхана басшылығы кінәлі дәрігерге жаза қолдандық дейді. Айтып отырған жазалары бір айлық сыйақыдан тайдырыпты. Жалақыдан да емес. Дегенмен, ата-ананы ол емес, баласының келешегі алаңдатады. НИКОЛАЙ СКРЫЛЬ, ХИРУРГ-УРОЛОГ: Шетелде ота жасауға болады. Бірақ оның өзінде бала өскенде, бедеулікке алып келуі мүмкін. Өйткені ағза жетілген күннің өзінде табиғи жолмен ұрықтануға қабілетсіз болады. Құны 12 мың доллар тұратын мұндай пластикалық операцияның түрі Түркияда ғана жасалатын көрінеді. Отбасының оған жағдайы келмейді. Амалы таусылған ата-ана енді емхананың өзін сотқа беріп, материалдық және моральдық өтемақы талап етпек. Мақсат Толықбай, Людмила Батюшкина.
baq.kz
Пікір қалдыру