Әлемде жыл сайын 30 миллион бала зорлыққа ұшырайды (сараптама)

/uploads/thumbnail/20170708181014452_small.jpg

Соңғы он жылдықта әлемнің көптеген елдерінің отбасылық институттарында елеулі өзгерістер пайда болды. Бұған басты себеп болған мәселе - отбасының ішіндегі қарым-қатынастарға әсерін тигізетін қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық жағдайлар. Осындай себептерді сылтау ете отырып, ата-аналар өз балаларына зорлық-зомбылық көрсетеді. Отбасындағы зорлық ежелгі заманнан келе жатқаны анық. Сондықтан отбасындағы зорлық мәселесімен кездеспейтін мемлекет яки қоғам болмауы мүмкін емес. Зерттеу мәліметтері бойынша жыл сайын 30 миллионнан астам бала физикалық, сексуалдық және психологиялық зорлыққа душар болады. Әсіресе зорлықтың психологиялық түрі көп тараған.

Психологиялық зорлық дегеніміз не? Ата-анасы баласына жиі тіл тигізуі, қорқытуы, ар-ұжданына тиетін сөздермен балағаттауы, жасамаған ісі үшін айыптауы, мейірімсіздік танытуы, баланы жек көруі, өтірік айтуы және қиын талаптарды қоятыны, осының бәрі психологиялық зорлыққа жатады.

Көп жағдайда психологиялық зорлық стресстің ең күрделі, жеңе алмайтын деңгейіне түскен ата-ананың отбасыларында орын табады. Бұл маскүнемдік немесе нашақорлық болуы әбден мүмкін.

Отбасындағы балаларға қатысты зорлықтың негізгі себептері: стресс, кедейлік, патриархалды немесе матриархалды теңсіздік, әлеуметтен бөлектеу, әлеуметтік қолдаудың болмауы, жұмыссыздық, ата-ана білімінің төмен деңгейі, балаларды тәрбиелеу дағдыларын білмейтіндігі, ажырасу және т.б.

Отбасында зорлыққа дұшар болған балалар көбінесе тұйық мінезді, өз-өзіне сенімсіз болып өседі. Қоғамда өз орнын таба алмай, қылмысқа шатылатын жағдайлар жиі кездеседі. Сондай-ақ нашақорлық пен суицидқа бейімделенеді.

Бүгінгі күнде ата-анасы балаларына сабақты жақсы оқуға мәжбүрлейтіні де зорлыққа жатады. Егер баланың сабақ үлгерімі төмен болса, бала психикасына әсер ететін ауыр сөздер арқылы қысым көрсетуі де зорлықтың бір түріне жатады.

Өз отбасында психологиялық зорлық болмауы және балаңызды осындай жағдайлардан қорғап қалу үшін не істеу керек? Бұл актуалды әрі әр бір ата-ананың өміріндегі ең маңызды сұрақ екені анық.

  1. Ең бірінші өзіңіздің өміріңіздегі стрессті азайту керек. Қандай да бір жағдайлар туындаса, балаға бірден дүрсе қоя бермеу керек.
  2. Балаңыз сіз оны жақсы көретіңізді білуі тиіс. Махаббатыңызды аямаңыз. Мейірімділік танытыңыз.
  3. Балаңыз үшін баспана ең сенімді және қауіпсіз жер болып есептелуі тиіс. Отбасының ортасында өзін қорғауда сезіну керек.
  4. Ешқашан өз балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз.
  5. Балаңызға тым көп талап қоймаңыз.
  6. Әр уақытта балаңызға көмек беруге дайын болыңыз.
  7. Ең бастысы есіңізде болсын – бала адам. Ересек адам сияқты ол да ілтипат пен құрметке лайықты.

Айсұлу Тұрсынбаева

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар