Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 мамырда іс-сапармен Орал қаласында болды. Сапар барысында Тоқаевтың үстел теннисін ойнап жатқан бейнежазбасын президенттің баспасөз-хатшысы Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Президент жұмыс барысымен Батыс Қазақстан облысының бірқатар нысандарын аралап, өңір тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар, Орал қаласының ақпараттық технологиялар колледжінде де болды. Желіде тараған бейнежазбада Президент колледж студенттерімен үстел теннисін ойнап жатыр.
Белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисімен белсенді айналысып, «Спорт шеберіне үміткер» атағын да алған. Естеріңізге сала кетейік, ол екі жыл қатарынан Қазақстанның үстел теннисі Федерациясын басқарған.
Ұсынған: Маржан Сәбет
Пікір қалдыру