Нұрсұлтан қаласында Назарбаева Елбасына "Құрметті сенатор" куәлігі мен белгісін тапсырды

/image/2019/06/06/a2c63f62c45a976cad4d.jpg

Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор куәлігі мен белгісі берілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібаевтың Тwitter  парақшасына сілтеме жасап. 

Табыстау шарасы Сенат отырысында өтті. Тұңғыш Президентке құрметті сенатор куәлігі мен белгісін палата спикері Дариға Назарбаева тапсырды. 

Құрметті сенатор

«Бүгін Сенат тарихында ерекше күн болып отыр. Өткен аптадағы палата отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын сенаторлар бірауыздан қолдап, тарихи шешім қабылдады. Сенат бюросы қабылдаған «Құрметті Сенатор» мәртебесі туралы ережеге сәйкес, маған арнайы төсбелгі мен куәлікті Сізге Сенат атынан тапсыру жүктеліп отыр», - деді Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева.

Естеріңзге сала кетсек, мұндай ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурация кезінде айтқан еді.

"Маған "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы шешім қабылдағаныңыз үшін шын жүрегіммен ризашылығымды білдіремін. Бұл біздің егемен еліміздің осы жылдардың ішінде жасаған еңбегіме деген құрмет деп білемін", - деп Н. Назарбаев депутаттарға алғыс білдірді. 

Құрметті сенатор мәртебесі палата отырыстарына қатысуға, қандай да бір шешімдер қабылдауға қатысуға, өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. Алайда арнайы мәртебе Сенаттың дауыс беруіне қатысуға құқығы жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар