Алматы облысында таксист әйелдерді зорламақшы болды

/image/2019/06/06/inkrakow_obl_62.jpg

3 маусымда полицияға Қызылжар ауылында тұратын әйел шағым түсірді. Оның айтуынша, такси жүргізушісі тонап, зорламақ болыпты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының сайтына сілтеме жасай отырып.

Қаскүнем телефон мен 92 мың теңгені тартып алған екен. Бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшылары көліктің маркасын нақты анықтап, күдіктіні қолға түсірді. Әйелдерді тонаған ер адам Ащысай ауданының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Тексеріс барысында ұсталған азаматтың тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шықты. Ол биыл мамырда Есік қаласында тұратын жас қызды тонаған. Екі жағдайда да күдікті әуелі әйелдерді зорламақ болыпты, бірақ олар қатты қарсылық көрсеткен. Артынша, зергерлік бұйымдарын, ұялы телефондары мен ақшаларын алып қойған" — деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазір таңда күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр.

Ұсынған: Бек Байтас

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар