Жетісу облысындағы сапасыз жол: экс-шендіге қатысты сот үкімі шықты

/image/2024/03/01/crop-65_3_276x368_dgold.jpg

Жетісу облысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

2023 жылы еріген судың шайып кетуінен бүлінген Кербұлақ ауданы Малайсары бекетіне апаратын жол қоғамдық наразылықты тудырған.

Кейін прокурорлық тексеру барысында аталған аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрескел бұзушылықтар орын алғаны анықталды.

Осыдан кейін арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Тергеу жұмыстары ағымдағы жөндеу жұмыстары сияқты көрсетіп жобалық-сметалық құжаттама жасамаған және сараптама жүргізілмегенін анықтады. Соның салдарынан су бұрудың сыйымдылық қуаттылығы есептелмеген, жұмыс сапасы қамтамасыз етілмей, жолдың бұзылуына әкеп соққан. Мемлекетке келтірілген шығын 22 миллион теңгеден астамды құрады" деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Алайда, құзырлы ведомство өз кінәсін мойындағаннан кейін сотталушының жасын және келтірілген зиянды толық өтелгенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалғанын нақтылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар