Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісін полиция алып кетті (видео)

/image/2019/06/10/20375851_802070586641414_4188908958260570864_n.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Мият Кәшібайды полиция алып кетті. Ол бүгін сағат 18:00-де айтыскер ақын Ринат Заитов бастаған бір топ тәуелсіз бақылаушылардың Алматы қаласы "Алатау" дәстүрлі өнер театры алдындағы жиынынан хабар таратуға барған.

Жиынға қатысушылардың барлығын полиция ұстады. Олардың қатарында Qamshy.kz ақпарат агенттігінің журналисі де бар. Полиция оны қызметтік куәлігін көрсеткеніне қарамастан алып кеткен.. 

Қамшы тілшісі Алатау ІІБ-да өзін Дамир Жомарт деп  таныстырған полиция қызметкері ұстап отырғанын айты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар