Алматы Арена спорт кешенінің алдына Ринат Зайытов бастаған тәуелсіз бақылаушылар президенттік сайлау қорытындысы әділетсіз деп мәлімдеме жасамақ болған. Сол маңды торуылдап жүрген полиция қызметкерлері оларды бірден алып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оңғар Қабденнің фейсбук әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирден оқиға орнында бір азаматтың есінен танып құлап қалғанын көруге болады. Жедел жәрдем көлігін шақырған, алайда жедел жәрдем кешіккен.
Жиналған азаматтар: "Біздің мақсатымыз халыққа жеткізу. Халық бәрін біліп отыр. Халықтың көзі ашық. Ринатты шақырыңдар!", - дейді. Ашынған халық полицейлердің жолын бөгеп, көліктерді өткізбей жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, Ринат Зайытов және бір топ тәуелсіз бақылаушылар Instagram-дағы парақшасында сайлау қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеген болатын.
Пікір қалдыру