Тоқаев: Халық кедейленгеннен кейін митингке шықты

/image/2019/06/14/100911526700.jpg

Біршама халық материалдық жағдайы нашарлаған соң, наразылық білдіріп митингке шықты. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

–Шеруге шыққандарға келсек, олар наразылығын білдіру үшін көшеге шықты. Қазір олардың талабын зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Көбінің талабы – әлеуметтік сипатта. Мұндай мәселелердің барын жоққа шығармаймын. Негізінде мұндай жағдай адамдардың кедейленуіне байланысты болады. Олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді талап етеді, - деді Тоқаев. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары заңсыз акицялардың жолын кесуді жалғастырады.

–Бас прокуратура көшедегі мұндай жиындардың заңсыз екенін талай айтқан. Заңсыз митингтер, тәртіпсіздіктер - бұған қатысқысы келмейтін халыққа кедергі келтіреді, - деді Президент.

–Билік естіді. Енді жұмыс істейміз. Олардың арасына кездейсоқ тап болған адамдар барын естідім. Олардың алдында, әлбетте, кешірім сұрап, тез босатамыз. Бұл проблема шешімін табады", - деп уәде берді ол. "Әрине, олар босатылады. Себебі бұл – өз пікірі. Мәселен, мен сайлауды әділ өтті деп санаймын, - деп жауап берді «сайлау әділ болмады» деп ұсталғандар жайлы Тоқаев .

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар