Тоқаев Қостанай облысындағы ауданның атауын өзгертті

/image/2019/06/25/crop-0_-3_521x927_41_main.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Таран ауданының атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.

2.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.", - делінген президент жарлығында.

"Ауданға көрнекті қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлин есімінің берілуі – жергілікті тұрғындар көптен күткен маңызды қадам.", - деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің жеке парақшасында.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар