Арнайы шығарылым: Арыс қаласы жарылыстан кейін (эксклюзивті видеолар)

/image/2019/06/25/crop-11_12_767x1180_mycollages-11.jpg

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшілері Арыс қаласына барып, оқиға орнынан ақпарат таратып жатыр.

Қазіргі уақытта журналистер Арыс қаласында оқиға орынын аралап жүр. Олар арнайы жилеттермен сақтық шараларын сақтай отырып, журналист екендіктерін растайтын арнайы құжаттарымен кірді. Оларға жарылыс болған аймақтарды емес, қаланың ішін ғана аралауға рұқсат етілді.

 Арыстағы жарылыс

Түркістан облысы Арыс қаласында алғашқы снаряд базарға түскен. Саудагерлер базардағы орындарын тастап қашқан. Саудагерлер тіпті сатып отырған заттарын да жинап үлгермеген. 

Арысқа кіре берісте Ақдала ауылының қақпасын полицейлер мен әскерилер күзетіп тұр. Олар қалаға қайтып жатқан тұрғындарды кіргізбейді.

Арыстағы Жарылыс

"Адамдар болған соң бұл жерде тыңдамай кіріп жатқан адамдар бар. Оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Халық паспортым қалып қойды, құжатым бар еді деп жатыр. Кейбіреулері өз көзімен көргісі келіп жатқан болар. барынша түсіндіріп жатырмыз. Түсінгендері блок басынан қайтып жатыр. Қалғандарына қазір рейд шаралары жүргізілетін болады. Жолда өздеріңіз байқадыңыздар бір столбы құлап, көлікті басып қалған. Қаланың ішінде де сол жағдай. Соның барлығы ретке келтірілсе свет, газ беріледі", - деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов.

Арыс қаласында 45 мың тұрғын бар. «Бөген» суқоймасы қатаң бақылауда тұр және одан келер қауіп жоқ.

Қала аумағын түн бойы ұлттық гвардияның 580 сарбазы мен 345 полиция қызметкері күзетті. Олар ұрлық-қарлықпен айналысып жүрген 3 адамды ұстады.

Төтенше жағдайға байланысты 22 қоныстандыру орны ашылды. Бұл орындарда 3566 адам бар. Оның 623-і – балалар. Көшірілген тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Аудан, қала әкімдіктері жүктелген міндетке сай жұмыс атқаруда. Тұрғындарды эвакуациялық орындарға жеткізуін қадағалауда.

Қоныстандыру орталықтарының жұмысы төтенше жағдай толық шешімін тапқанша жалғасады. Қазіргі таңда Арыс қаласына кіру қауіпті. Жан-жағы қоршалған. Бұл мақсатта ҚР Ішкі әскерінің 1800 әскери қызметкері және 50 техника жұмылдырылған.

Оқиға орнынан арнайы тілшілер: Мият Кәшібай, Бек Байтас

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар