Нұр-Сұлтанда мамандандырылған  Astana Finance Days  конференциясы басталды

/image/2019/07/01/crop-8_164_682x1271_untitled.png

 

Конференцияның алғашқы күні «Еуразия және дамушы нарық: сауда, инвестиция, тәжірибе алмасу», «АХҚО: мұнай және газ өндірісінің жаңа мүмкіндіктері» сияқты панельдік сессияларымен өз жұмысын бастады.

Мамандандырылған халықаралық конференцияның басты мақсаты — өз алаңында әлемдік сарапшыларды, саясаткерлерді, бизнес, мемлекеттік қызмет өкілдерін және ғылыми орталықтарды, халықаралық қаржы орталықтарын, сондай-ақ АХҚО-да тіркелген компаниялар өкілдерін біріктіру. Сонымен қатар, исламдық қаржыландыру саласындағы өзекті мәселені талқыға салып, исламдық қаржыландыру принциптері Кеңесінің рөлі мен Қазақстандағы исламдық қаржы қызметінің болашағын анықтап, аталған саладағы маңызды мәселелерді шешу болып табылады.

Еске салсақ,   2018 жылдың 5 шілдесінде ресми түрде ашылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бүгінде әлемдік қаржы орталықтары арасында өз орнын тауып, ел экономикасының қарқынды дамуына өзіндік үлес қосып келе жатыр.

Оған дәлел АХҚО-ның әлемнің ең беделді 102 қаржы орталықтарының жаһандық рейтингісінде (GFCI) 51-ші орынға жайғасуы.

Өңірлік қаржылық хаб осымен екінші мәрте ел экономикасын дамыту жолдары талқыланатын «Astana Finance Days» мамандандырылған арнайы конференциясын өткізуде.

Айта кетерлігі, биылғы жылы конференция жұмыс тобы форматында өтіп, оған әлемнің қаржы саласының білікті 300-ге тарта сарапшылары қатысуда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар