Бақытжан Сағынтаев қаланың басты мәселелерімен танысып, Түрксіб ауданына аттанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша аулаларды және ойын алаңдарын жақсарту жұмыстарында бірқатар мәселелер бар. Халықты жолдардың жағдайы мен қоғамдық қауіпсіздік алаңдатып отыр", - деп жазды Б. Сағынтаев.
Сағынтаев Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагинге шағымдарды саралап, іс-шараларды қабылдау жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар, Алматы әкімі бүгін, яғни 1 шілдеде, Райымбек даңғылы мен Саин көшелерінің қиылысында болған автобус апатына қатысты себептерді анықтауды тапсырды.
Аудандарды аралауды бастадым. Алғашқысы - Түрксіб ауданы. ТҮКШ, аулалар мен балалар алаңдарын абаттандыруда проблемалар бар. Тұрғындар жол сапасына, қоғамдық қауіпсіздікке алаңдаулы. @_pavelkulagin барлық шағымдарды сараптап, нақты іс-қимыл жоспарын ұсынуды тапсырдым.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) 1 июля 2019 г.
Пікір қалдыру