Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстандық мемлекеттік университет және облыстық қан орталығының қолдауымен ШҚО ішкі саясаттың жастар ресурстық орталығы басты ұйымдастырушылардың бірі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жастар ресурстық орталық директоры Арайлым Есімбаевның айтуынша, акция бірнеше күн жалғасып, оған 1 мыңға жуық адам қатысады. Олардың ішінде: еріктілер, волонтерлер, студенттер, Қорғаныс департаментінің қызметкерлері, ТЖ Департаменті, әскери бөлімшелер сарбаздары, қылмыстық атқару жүйе Департаменті.
“Арыста болған жағдайдан кейін, Шығыс Қазақстан жастары көмекке жүгінді. Бүкіл аудандық және қалалық орталықтарда жастар штабы жұмыс істеуде. Біз “Донор күнін” жарияладық”, - деді Есімбаева.
Шығыс Қазақстандық жастар бүкіл республиканы “Донор күніне” қосылуға шақыруда.
Пікір қалдыру