100 нақты қадам: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) қандай артықшылығы бар?

/image/2019/07/09/crop-3_4_644x955_60362500_349062049092375_9148998145479278592_n.jpg

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» туралы тапсырма бергені белгілі.  Ал жалпы МӘМС қызметі қай жағынан тиімді?  Оның қандай артықшылығы бар? Бұл қордың қызметі қандай? Әрине бұл бұл сауалдар көпшілікті  толғандыратыны сөзсіз. Бірақ қазір аталған қорға тиісті деңгейде қаржы аударылып жатыр. Ол кейін қалай жұмсалады? Оны қазір біз біле бермеуіміз мүмкін. Бірақ ол өте керекті дүние. Бүгінгі сараптамалық мақаламыз да осы жайында. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі мен оның міндеті не?» деген сауалдың болуы заңды әрине.

Біріншіден, Қазақстан азаматы тапқан табысынан аударылған жарна арқылы  медициналық көмек алуға болашақта мүмкіндігі бар. Сізге кез келген емхана медициналық қызмет көрсете алады. Қалтаңыздан қаржы шығындамайсыз. Оны МӘМС қоры төлейді. Демек, Сіз оңалту орталығында болып, стационарлық орталықтан да көмек ала аласыз. Оның ішіне дәрі-дәрмекпен қамтудың кейбір қызметі де кіретінін ұмытпаңыз. Мұның ішінде медбикелік көмектің те барын айта кеткен жөн. Жалпы кез келген азаматтың қордағы өз қаржысы туралы кез келген уақытта ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Бұл жерде сіздің құқыңыз еш шектелмеген. Егер сізге сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда құқыңыз бұзылса, мүддеңізді  қор қорғай алады. Сондықтан мемлекет мақұлдап, жүйелі жұмыс істей бастаған Ұлт жоспарында атап көрсетілген медициналық сақтандыру қызметіне еш күмәнмен қарауға болмайды. Қолданысқа енгізілген МӘМС жүйесін қажеттілігін терең түсінуіміз қажет. Ең алдымен бұл жүйе

медициналық көмектің сапасын жақсартады. МӘМС жүйесінің артықшылығы мынада: жарнаны әркім мүмкіндігінше, хал-қадірінше, қажетіне қарай төлейді және соған орай медициналық  сапалы қызмет көрсетіледі.  Мұның барлығы да дәрігердің тағайындалуымен жүзеге асырылады. Нақты айтқанда, МӘМС пакетінде оған  кіретін қызметтер толық көрсетіледі. Ол үшін сіз  қосымша ақы төлемейсіз. Дұрысы, сол үшін жұмысыңыздың тұрақты болғаны абзал.

Ал ай сайын қорға аударылып тұратын жарнаның мөлшері қандай болмақ? Мемлекет кімдерге жеңілдік береді? Жарна аудармай-ақ қызметті тегін алатындар бар ма? Әрине, Қазақстан қоғамында әртүрлі топтар бар, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандар, мүгедектер, көп балалы аналар. Жалғызбасты аналар және тағы басқалар. Олардың жағдайы қалай болмақ? Міндетті әлеуметтік медициналық қорға жарна төлемесе де, оларға медициналық қызмет көрсетіле ме?

Бұл орайда Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдан бастап халықтың 15 санаты үшін мемлекеттен тұрақты түрде жарна аударылып тұратынын жария етті. Олар кімдер:

1.Ең алдымен бұл санатқа балалар кіреді, оған зейнеткерлер тобы да енеді. Аталған санатта Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері де бар.

  1. Көп балалы аналар да осы топтың қатарында, аяғы ауыр әйелдер, сонымен қатар бала күтіміне орай демалыста отырған аналар да осы санатта екенін айта кеткен жөн.
  2. Мүгедектер, сонымен қатар мүгедек балаларға күтім жасайтын азаматтар да осы санатта, тіркелген жұмыссыздар, жұмыссыз оралмандар осы 15 санаттың ішінде бар.
  3. Студенттер, интернаттағы тәрбиеленушілер, тергеу абақтысында отырғандар, сондай-ақ абақтыда жазасын өтеп жатқандар да осы санатқа кіретінін айта кету керек..

Әрине, бұл санаттағыларға мемлекет өзі қаржы аударады. Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің берген дерегіне сенсек, 10,9 миллион адам жеңілдігі бар азаматтардың 15 санатына кіріп отыр.  Оларға мемлекет жарна төлейді. Мемлекет аударған ақша Қорға келіп түседі. Әлгі 15 санатқа кіретіндерге медициналық қызмет осы қор арқылы көрсетіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген мәліметке назар аударсақ, 5,7 миллион адамға жұмыс берушілердің өздері жарна төлеп отыр. Сонымен қатар, 800 мыңға жуық адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Олардың тірлігі өзінде, өздері ақша төлейді қорға. Жалпы мәліметке назар аударар болсақ, Қорға түсіп жатқан қаржы қомақты. Алдағы болжамға сәйкес, 2020   жылдың 1 қаңтарына дейін  Медициналық сақтандыру қорындағы қаржы  241,4 млрд теңге шамасында болады делініп отыр. Республика бойынша бүгінгі күні Қордың қоржынында 176,7 миллиард теңге бар деп есептелініп отыр. Ал мұның барлығы қайдан түсіп жатыр? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебіне сенсек, аударылған қаржының 95 пайызын жұмыс берушілер, 5 пайызға жуығы жеке кәсіпкерлерден аударылып отыр.

Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру халықтың 95 пайызын қамтып отыр. Қазіргі уақытта өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың да санын анықтау жүргізіліп жатыр. Олардың үлесі нарықта шамамен 770 мыңға жуық деген ақпарат бар. Мұның барлығы қазіргі уақытта анықталу үстінде.  Өйткені міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы басталғаннан кейін медициналық қызметке ақша төлене бастайды. Ал оған дейін азаматтардың мәртебесін анықтау қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін таныстыру және түсіндіру жұмыстары одан ары жалғасуда. 2015 жылы Елбасы дамыған 30 елдің қатарына ену үшін 100 нақты қадам Ұлт жоспарын қабылдағаны белгілі. Аталған бағдарламаның 80 – қадамында Елбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын енгізуді міндет етті. Одан кейін Елбасы тапсырмасына орай «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы «арнайы заң қабылданды.  Мұнан соң Үкімет қаулысымен осы саладағы арнайы қор құрылды.  Соңғы екі жылдан бері Міндетті әлеуметтік медициналық қор тиімді жұмыс істеуде Республикамыздың барлық өңірінен оның бөлімшелері ашылып, нәтижелі жұмысы көріну үстінде. Демек 100нақты қадам Ұлт жоспарының ұтымды жағы тиімді тұсы алдағы жылдары көріне бастайды. Мұны халық та сезінеді деп ойлаймыз.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар