Алматы әкімдігінің алдында бойжеткен Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етті

/image/2019/07/09/crop-3_22_746x994_1562655759fqu3n_1000x768.jpg

Белсенді Камила Шоқанова Алматы әкімдігі алдында Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның лауазымынан босатылуын талап етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасап.

"Менде ДЦП дерті бар. Әлемде аумағы бойынша тоғызыншы елде Сенат төрағасы мені кеміс деп есептейді. Мен Дариға Назарбаеваның лауазымынан босатылуын талап етемін. Барлығымыздың көзіміз ашық болған кезде ғана біздің елге демократия келеді. Қазіргі таңда, түрмеде мүгедектік алған Мұхтар Жәкішев отыр. Оны босату керек", - деді Шоқанова.

Он минуттан кейін Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының жетекшісі Рахат Шимашева белсендіге әкімдік ішіне кіріп, бүкіл проблемаларды талқылауға шақырды. Бірақ, Шоқанова одан бас арттып, тек Дариға Назарбаевамен ғана сөйлесетінін жеткізді.

БІршама уақыттан кейін, әкімдікке полиция өкілдері келді. Олар бойжеткеннің плакат пен куәлігін алып, оны Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына алып кетті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар