100 нақты қадам: Жеке сот орындаушылары институты бізге не береді?

/image/2019/07/11/crop-85_0_995x1769_photo_213118.jpg

Бағдарламада  әр бапқа нақты түсініктеме берілген. Ақиқаты,  заңның алдында  бәріміз де бірдейміз. Сондықтан да заңның мәртебесі биік тұруы керек. Өкінішке қарай, көп жағдайда заңды бұзатын адамдар қоғамда жиі кездеседі. Кейде сот шешімі орындалмай жатады. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Әрине, бұл кезде сот орындаушылары кемекке келетіні сөзсіз. Елбасы тапсырмасымен жасалған. 100 нақты қадамның Ұлт жоспарында жеке меншік сот орындаушылары институтын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл  100 нақты қадамның 27 қадамында атап көрсетілген.

Бұрын  бұл қызметті мемлекеттік сот орындаушылары атқарып келді. Десек те, жалпы жеке меншік сот орындаушылары институты Қазақстанға не береді?

  1. Әрбір сот орындаушысының жауапкершілігі күшейеді.
  2. Олар сот шешімін орындатуға жан-тәнімен кірісіп,  жұмыс істейді.
  3. Жеке сот орындаушылардың арасында бәсекелестік артады.
  4. Халықтың жеке сот орындауцшыларға деген сенімі күшейеді.
  5. Белсенді жұмыс істейтін сот орындаушысын халықтың өзі таңдай алады.
  6. Жұмыстың сапасы артады.

Жалпы әлемдік тәжірибеге назар аударатын болсақ, жеке сот орындаушылары тұңғыш рет Францияда  жүзеге асты.  Сонымен қатар Балтық жағалауы елдері мен Болгарияда да бұл жүйелі түрде жұмыс істейді. ТМД мемлекеттерінің арасында  жеке сот орындаушылар институтын алғашқылардың бірі болып Қазақстан енгізді. Енді мұның  орасан зор пайдасы бар. Жеке сот орындаушылардың міндеті алименттен бастап, жәрдемақы, еңбекақы, зейнетақыға  дейін өндіріп алу болып табылады. Сондықтан сот актілерін дер кезінде әрі жедел орында сот жүйесіне деген сенімді күшейтеді. Бұл бір жағынан сот қызметін заман талабына сай жеітлдіру екені сөзсіз.

Мамандар атап өткендей, жеке сот орындаушыларының күн өткен сайын халыққа пайдасы тиіп жатқанын атап өтуге болады. Біріншіден, ұзақ жылдардан бері шешемін таппай жатқан  құжаттарда қозғалыс басталды.  Олардың орындалу мерзімі қысқарды.  Екіншіден, бұл жайт елімізде тәуелсіз әрі күшті сот билігінің жұмыс істеуіне септігін тигізуде. Бұдан шығатын қорытынды не? Елімізде жеке сот орындаушылардың қоғам дамуындағы үлесі барған сайын артты. Халық жеке сот орындаушылары институтының қажет екенін түсінді. Сондықтан  тұрғындаар сот шешімінен кейін өзінің пайдасын өндіріп алу үшін мемлекеттік сот орындаушысынан гөрі жеке сот орындаушыларға көбірек қызығушылық таныта бастады. Оның үстіне қазіргі уақытта елдегі халықтың да құқықтық сауаттылығы артқанын жасыруға болмайды. Демек, бұл Қазақстан билігінің алға қарай басып отырған  отырған дұрыс қадамы.

Жеке сот орындаушыларының сот актісін жедел атқарылуына  ықпал етіп отырған  тағы бір жайт  бар. Жеке сот орындаушылары сот актісінің тез орындалуына метериалдық тұрғыдан да өздері де мүдделі екенін айтуымыз керек..

Бүгінгі күні жеке сот орындаушылары жүйесі әлемнің 65 елінде жұмыс істеп келеді. Қазақстандағы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаның жемісі қазірдің өзінде көріне бастады деп айтуға болады. Осыған қатысты арнайы заңдар да  қабылданды. Жеке сот орындаушылардың өкілеттілігі кеңейді. Бұл әрине, 100 нақты қадам Ұлт жоспарының  нәтижесі дер едім.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар