Марғұлан Сейсембай өзінің неге Ұлттық сенім кеңесінің тізімінде жоқтығын түсіндірді

/image/2019/07/19/crop-159_79_480x640_2019_04_11_d3d5f2fcd3fa94c7383ac7e85c13b7fd.jpg

Белгілі инвестор, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне неге кірмеген себептерін атап өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Марғұлан Сейсембай өзінің facebook парақшасында жазды.

Қоғам белсендісі бұған дейін кеңеске неге кірмегені туралы қысқаша "Олар менiң шартымды орындамады. Мен оларға саяси тұтқындарды босатыңдар, сонда Кеңеске кiрем деп шарт қойғанмын. Бұл шартты орындамай, Кеңесте iстеу - аморалды", - деп жазған болатын.

АЛ бүгінгі жазбасында көпшіліктің сауалына толықтай жауап беруді жөн көрген екен. 

"Менің көптеген оқырмандарым неліктен мені Ұлттық Кеңеске алмағандығын сұрайды. Еске сала кетейін, маусым айында мені сол жерге шақырған кезде, мен бұл туралы фейсбук парақшама жаздым және менiң Ұлттық Кеңеске кіру шарттарымды ұсындым. Шарттар мынадай еді:
1. Интернетті бұғаттауды тоқтату.
2. Митингте ұсталғандарды босату.
3. Саяси қамаудағыларды босату.

Менің шарттарым орындалмады, сәйкесінше мен бұл кеңес қатысушыларының тізімінде жоқпын. 

Екіншіден, кеңестің мүшесi болуы үшiн әрбiр үмiткер кем дегенде 10 мың қол жинауы тиіс деген едім. Бұл шартты үмiткерлер орындай алмаса, кеңесте кімнің атынан шықпақ, кiмнiң мүддесiн қорғамақ?

Үшіншіден, шарттар қоймау керек еді, кеңеске еш бiр шартсыз қатысу қажет еді дейтін адамдарға айтарым төмендегідей.

Достар, сіз өзiңiздiң сенімiңiздi автокөлік ретiнде елестетiп көрiңiзшi. Енді сіздің көршіңіз машинаны уақытша алып, оны бүтін және зиянсыз қайтаруға уәде бергенін елестетіңіз. Алайда, әр жолы ол сіздің көлігіңіздің быт-шытын шығарып қайтарады. Бірақ сіз оған ештеңе жасай алмайсыз. Ол сізден күштi. Міне, ол тағы да сіздің машинаңызды сұрайды. Сіз не істейсіз? Бас тартсаңыз төбелес болады. Сонда сіз оның сөзінде тұруы, машинаны бүтіндей қайтарамын деген уәделерін орындауы үшiн одан алдын ала кепiлақы сұрамайсыз ба? 

Міне, мен де осылай жасадым. Егер сiздердiң шын мәнінде саяси реформаларды жасауға ниетiңiз болса, онда үш шартты орындап, саяси қамаудағыларды босатыңдар дедім. Осыдан кейін сіздерге сеніп, жұмыс істейтін боламын деп айттым. Сонда бұл кеңес іс-әрекетке қабілетті болмаса да, саяси құрбандардың бостандыққа шыққанының өзi керемет нәтиже ретiнде қабылдап, мен жайдан-жай бір жыл бойы уақытымды босқа кетірмегенiмдi білетін боламын.

Ал егер билiкте бұндай ниет болмаса, онда мен неге Кеңесте болуым керек?

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар