Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Tesla компаниясы өкілдерімен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Бүгін Tesla компаниясы өкілдерімен кездестім. Алматыда сервистік орталық, Tesla Motors шоурумын және электр автомобильдерін зарядтау стансалары инфрақұрылымдарын салу мәселелерін талқыладық. Бірлесіп жұмыс істейміз", - деп жазды Алматы әкімі.
Пікір қалдыру