Нұртөре Жүсіп: Жәкішевтің біржола шығуын талап етеміз

/image/2019/07/24/crop--8_70_552x736_20180815172129232.jpg

Республикалық Айқын газетінің директоры-бас редакторы Нұртөре Жүсіп өз Facebook парақшасына Мұхтар Жәкішевтің азаттыққа біржола шығуын талап етіп, жазба салды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақ уранын әлемдік нарыққа шығарған, Қазақстанға тікелей инвестиция құйылуына ықпал еткен абзал азамат Мұхтар Жәкішевтің азаттыққа біржола шығуын талап етеміз! "Басы істейтін" қазақтар көп емес еді...Солардың арасында Мұхтар Жәкішевтің орны ерекше. Түрмеде денсаулығынан айрылды, азап шекті. Сот әділ шешім шығаруы тиіс!",- делінген жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан он жыл бұрын "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы аса ірі көлемде алаяқтық жасады және өзіне сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін талан-таражға салған деген айыппен 14 жылға абақтыға тоғытылған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар