Көк-Төбе маңындағы өртке байланысты ресми мәлімдеме жарияланды

/image/2019/08/11/1565524350gbsyx_1000x768.jpg

Көк-Төбе телемұнарасына бір шақырым жердегі тау баурайында жанып жатқан өрттің аумағы 10 га көлемінде. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

11-тамыз күні күндізгі 14:28 шамасында «101» телефонына Алматы қаласы, Медеу ауданында өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.

Қазіргі уақытта өртті ауыздықтау үшін Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 27 адам және 6 техника, «Алматы Тазалық» мекемесінен 25 қызметкер 2 техника жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне сүйенсек, адамдар тұратын аумаққа өрттің залалы тимейді.

Сондай-ақ, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, сағат 17:31 шамасында өрттің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі ауыздықталған.

«Оқиға орыны ылдида. Көлік жүре алмайды. Сол себепті жалынды жаяу сөндіруге мәжбүрміз. Өрттің бір жақ бөлігі сөндірілді», - дейді департаменттің арнайы өкілі Сандуғаш Баймұхаметова.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар