Құрбан айтта мешітте оқ атқан азаматты қандай жаза күтіп тұр?

/image/2019/08/11/palestinian-hamas-fighter-reuters.jpg

Норвегия полициясы кеше Осло қаласындағы мешітте оқ атқан азаматтың ісін теракт есебінде қарап жатыр. Бұл туралы полиция қызметкері мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, күдікті оң көзқараста болғанын және бұл әрекетімен мигранттарға күш көрсетпек болғанын жеткізген-мыс.

Күдікті азаматтың жасы жиырмалар шамасында. Ол мешітке кіріп, құлшылығын өтеп жатқандарға оқ бортақан. Полиция қызметкерлері келгенше мешіттің кіреберісінде отырыпты. Бұл уақытта мешітте үш адам болған. Соның бірі оқтан жарақат алды.

2011 жылы Норвегияда Андерс Брейвик есімді террорист 77 адамды жер жастандырған еді. Ал осы жылдың наурыз айында Жаңа Зеландияда Брентон Таррант есімді австралиялық екі мешітке оқ жаудырып, нәтижесінде 51 адам қаза тапқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар