Еңбек еткеннің ертеңі жарқын

/image/2019/08/21/crop-10_15_2786x3780_enhbek-etkenninh-ertenhi-dgarqyn.jpg

"Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген қазақта қанатты сөз бар. Бөпесін бесік жырымен әлдилеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, өз кәсібін дөңгелетіп жүрген әйел, аналарымыз аз емес. Солардың бірі – Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Ақтоғай ауылында тұратын абзал ана Мейрамкүл Қаракесекова өнегелі өмірінде еселі еңбегімен елдің елеулісіне айналған.

Мейрамкүл Жамбылбекқызы тек қана алтын алқа иегері ғана емес, жеке «Диас» шаруа қожалығының төрайымы. Мал шаруашылығымен балалары айналысып, білдей шаруаны дөңгелентіп отырған жайы бар.

Демалыс дегенді елей бермейтін ардақты ана, асыл әке ұл-қыздарын да ерінбей еңбек етуге тәрбиеледі.

Қысы жазы сатып алу дегенді білмейтін бұл отбасынан құрт, май, ірімшік, ет,сүт,айран,қаймақ,сүзбе т.б ағарғанның барлық түрін табуға болады. Барлық бала-шағасының ауыздарын аққа одан қала берді көрші-қолаң, айналасындағыларды да қамтып отырған жанұя тірлігі тындырымды.

Шарусы мығым, ісі нық Мейрамкүл ананың оннан астам жеміс талдарын күтіп ұстап отырған бағбаншылық қасиеттері де бар. Алма, өрік, сары,қара өрік,жаңғақ, шие тағы басқа талдармен қатар, картоп, қызанақ, қияр,жүгері өсіріп қарапайым заттар экономикасының дамуына бірден бір үлес қосып келе жатқан жәйі тағы бар.

Ала жаздай түрлі салат, кептірілген алма, тәттілер мен қоса қажетті көкөністерден банкілер жауып, қыстың қамын жазда ойлайтын аяулы ана құрмет биігінен көрініп, ел-жұрттың елеулі тұлғасына айналып отыр.

Еткен еңбек төккен тердің арқасында орден-медальді өңіріне қадап, қаншама мақтау-марапатқа қол жеткізді.

– Мемлекет тарапынан беріліп жатқан тиімді бағдарламалардың да шарапатын көріп отырмыз. Жақсы қартая білудің өзі өнер ғой. Сондықтан тек қана игі істердің бастамашысы болғым келеді. Бүгінде қамқорлық акцияларына атсалысып, мүмкіндігінше жақсылық жасауға ұмтыламыз.Алғашқы жылдардағы ауыртпалықтар артта қалып, еліміз өркендеу жолына түсті.

Қазір білімнің заманы. Сондықтан жастарымыз оқу оқып, білім алуға ұмтылғаны дұрыс деп ойлаймыз. Қашанда болмашыға мойымай, табандылық таныта білу керек. Сонда ғана басыңа бақыт құсы қонады,- деп, балаларын жігерлендіріп, үнемі ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп отыратын әкесі Бұралқының отбасындағы орны ерек.

– Перзенттерімізе де білім ал, оқы, еңбектен деп жиі айтып отырамыз. Соның нәтижесі балаларымыз өз салаларының биігін бағындырып жүрген азаматтар.

Осы күнге дейін ешкімнің ала жібін аттаған емеспіз. Малды жасанды жолмен семіртетіндер бар дегенді естігенде еріксіз жағамды ұстаймын. Ол адамдардың да денсаулығына зиян. Ал біздікі табиғи таза өнім. Бұл өмірде біз үшін халықтың алғысын алып, құрметіне бөленіп жүргеннен қымбат ештеңе жоқ», – дейді Мейрамкүл ана.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар