Әулиеата өңірінің асыраушы саласы болып саналатын ауыл шаруашылығына жыл өткен сайын қолдау көлемі артып келеді. Нәтижесінде, аймақта егіс алқаптарының ауданы артып, мал басы да еселеніп келеді. Тиісінше, төрт түліктен алынатын өнім де ұлғаюда. Облыста әсіресе, ет экспортына ден қойылуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылы Жамбыл облысы бойынша 1 мың тонна сиыр және 1,5 мың тонна қой еті экспортқа шығарылуы тиіс болса, есепті кезеңде облыстағы тауарөндірушілер экспортқа барлығы 1 014,1 тонна сиыр және 1 659,1 тонна қой етін шығарды. Сиыр етін экспорттау бойынша Меморандумда белгіленген көрсеткіштің орындалуы 101,4 %, қой еті экспорты бойынша 109,1 % құрады. 2019 жылға бекітілген жоспарға сәйкес облыстан 1500 тонна сиыр еті экспортқа шығарылуы тиіс. Ағымдағы жыл басынан бері тауарөндірушілер 862,7 тонна сиыр етін экспортқа шығарып, жоспардың орындалуы 57,5 пайызды құрады. Сонымен бірге 671,2 тонна қой еті экспортталып жоспардың орындалуы 33,6 % құрады.
Негізгі экспорттаушылар қатарында экспортқа бағытталған дамыған технологиялы бордақылау алаңдары және кластер құрамындағы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і, Меркі ауданында «Меркі ет комбинаты» ЖШС, Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы ЖШС» ет комбинаттарыболды.Ет өнімдерінің негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы, Бахрейн Карольдігі, Кувейт мемлекетіне экспортталды.
Осы кәсіпорындардың жүктелімін арттыру арқылы алдағы уақытта етті экспорттау динамикасын арттыру жоспарлануда. Бағдарлама аясында қолдағы малдың өнімділігін арттыру мақсатында ет бағытына тұқымдық түрлендіру жұмысы қолға алынды. Жыл бойы тұқымдық түрлендіруге МІҚ малының 65,5 мың аналық басы тартылып, жоспардың орындалуы 102,3 % құрады.
Облыста құс шаруашылығын дамыту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Тағамдық жұмыртқа, етін өндіруді арттыру мақсатында«Аса даму» ЖШС, «Әулие-ата Феникс» ЖШС құс фабрикалары кеңейту, модернизациядан өтуде. Байзақ ауданында «Аллель Агро» ЖШС құс фабрикасын іске қосу жұмыстары жалғасын табуда.Осы шаралардың арқасында облыста өндірілетін құс етінің көлемі 2 есеге артады деп күтілуде, ағымдағы жылдың өзінде 224,7 тонна құс еті экспортталды.
2019 жылы мал шаруашылығындамытуда бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылады.
Қордай ауданында «Kazmeat Kordai» ЖШС-нің бордақылау алаңы қайта құру арқылы жылына 8,0 мың бас МІҚ бордақылауға қауқарлы ірі кешенге айналады.
Жамбыл облысы бойынша, 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды қолдау бағдарламасына 3,65 млрд. теңге бөлініп толық игерілді.
Пікір қалдыру