Жамбылдық диқандар мол өтім жинауға ниетті

/image/2019/08/21/crop-22_25_1042x1881_105744502900.jpg

«Қыстың қамын жаз ойлаған» жамбылдықтар көктемгі еккен егінін жинау жұмыстарына қызу кірісіп кеткен. Бүгінгі таңда біршама жұмысты еңсерген облыс диқандары жылдағыдан жоғары өнім жинауға ниетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтар болсақ, Жамбыл облысында 2019 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 687,1 мың гектарға орналастырылды, Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 352,4 мың гектар, майлы дақылдар 60,9 мың гектар, қант қызылшасы 5,6 мың гектар, картоп 10,1 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 66,3 мың гектар, мал азығы дақылдары 207,3 мың гектар. Көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 18,6 мың гектарға артты.

19 тамызға дәнді масақты дақылдары 331,3 мың гектардан орылып, барлығы 752,2 мың тонна дән бастырылды, орташа өнімділігі гектардан 22,7 центнерді құрап отыр, егін орағы жалғасуда.

Сонымен қатар, 1,6 млн. тоннаға астам пішен, 46,0 мың тонна пішендеме, 3,9 мың тонна сүрлем және 105,9 мың тонна сабан дайындалды, мал азағы дайындау жұмыстары жалғасуда.

Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 22,4 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланып, жалпы егістік алқаптың 22,0% қамту жоспарланған. 2019 жылдың 19 тамызына ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 16,6 мың тоннасы алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарына ендіруде жұмыстар жалғасуда.

ҚР Үкіметі тарапынан Жамбыл облысының дихандарына күзгі жинау және егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 16200 тонна кепілдендірілгендизель отыны бөлінген. Оның шілде айына 5800 тонна, тамыз айына 3300 тонна, қыркүйек айына 3700 тонна және қазан айына 3400 тонна.

2020 жылдың өніміне сүр көтеру шаралары облыс бойынша 97,9 мың гектар алқапқа жоспарланса, нақты көтерілгені 99,5 мың гектар немесе 101,7 пайыз. Бірінші өңделгені 99,5 мың гектар, 100 пайызды, екінші өңделгені 97,3 мың гектар, 97,7 пайызды және үшінші өңделгені 33,6 мың га 33,8 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы 6043 гектар алқаптағы парға химиялық өңдеу жұмыстары атқарылды.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында, Жамбыл облыстық «Аграрлық Кредиттік Корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Кең

дала» бағдарламасы бойынша, 43 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 363,1 млн. теңгеге өтінім түсіп, таратылды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысытық «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы «Егінжай» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылыққа 10,0 млн теңге қаржыландырылып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар