«Сиыр сатып ал да, өзіңді асыра!». Елбасының сөзінен кейін кешелі-бері әлеуметтік желіде ірі қараға қатысты «ірі әңгімелер» жарияланып жатыр. Жалпы біз сиыр малы туралы не білеміз? Оқып көріңіз...
-Сиыр – 8 мың жыл бұрын қолға үйретілді.
-Ең ауыр ірі қараның салмағы – 2 тоннадан асқан.
-Бұл сүтқоректілердің әлемдегі жалпы саны – 1,3 миллиард.
-Бір сиыр өмірінде 200 мың стақан сүт береді.
-Ежелде сиырлардың саны бойынша, адамның байлығы өлшенетін. Яғни, ол ақшаның орнына болған.
-Ең ұзақ өмір сүрген сиырдың жасы – 48 жыл. Оның тезегі медицинада, құрылыста және отын ретінде қолданылады.
-Аргентина – сиырдың етін өңдіретін көшбасшы мемлекет.
-Сүтінің дәмі, сиырдың немен қоректенгендігіне байланысты.
-Африкада «патшадан кейін, сиыр маңызды» деген мәтел бар екен.
-Үндістер үшін ең қасиетті жануар. Оны өлтіргендер түрмеге қамалады.
-Куба елінде осындай қылмыс үшін, өлім жазасына кесілу мүмкіндігі жоғары.
Сиырға қатысты наным-сенімдер
-«Сиыр үйге сүйкенсе жаман ырым» деп біз сұғып алған.
- «Сиыр ыңыранса, үйір шақырады, сиыр басы өседі» деген.
- «Түнде сиыр мөңіресе - жамандықтың белгісі»деп тұжырымдаған.
-«Сиырлар жиналып өкірсе, малға індет келеді» деген.
- «Сиырды сойғанда көк бауырын «ау-қаулап» үй төбесіне лақтырып тастаған, үйір шақырады» деп.
- Сиырдың буйрегін жемеген, бұған байланысты қазақта «Сиырдың бүйрегіндей кандай ел, қырық құрау» деген нақыл сөз бар.
- Сиырдың тұмсығын қазақ «арам» деп шауып тастаған.
- Сиырдың, не өгіздің бас сүйегін егіс немесе жеміс бағының басына іліп кояды. (Мәлімет А.Токтабайдың «Төрт түліктің қасиеті» кітабынан).
-Сүт беретін сиырлар, бір күнде шамамен 150 литр су ішеді. Өзіне ұнаған кісіні жалайтын әдеті бар.
-Сиыр малы басын артқа бұрмай, 330º айналаны көріп тұрады.
Сиырдың Қазақстандағы бұрынғы түрлері - қазақтың ақ бас сиыры, қалмақ сиыры, қырдың қызыл сиыры, Әулие ата сиыры, Алатау сиыры.
(Материал интернет көздерінен алынды)
Пікір қалдыру