Атырауда 130 жас дәрігер ауылдарға жұмыс істеуге аттанды

/image/2019/08/22/crop-67_133_576x1024_whatsapp-image-2019-08-21-at-16.20.37.jpeg

Облысымыздағы ауылдық округтерде жұмыс істеуге кеткен жас медицина қызметкерлеріне 1 млн теңгеден жәрдемақы берілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева мәлімдеді.

–  Ауылдық елді мекендердегі медициналық мекемелерге жұмыс жасауға барған жас мамандарды қолдау үшін бір жолғы ақшалай көмек көрсетіледі. Айта кету керек, жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Сонымен қатар, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ бойынша 30 медицина қызметкеріне жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, – дейді Мәншүк Аймурзиева.

Айта кетейік, биыл 1 маусымнан бастап медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында осы сала қызметкерлерінің жалақысы өсірілген болатын. Атап айтсақ, медицина қызметкерлердің жалақысы 30%-ға, ал қалғандарынікі 11%-ға өсті. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд. 729 млн. теңге қаражат бөлінді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар