Жамбылда қозы еті араб елдеріне экспортталып жатыр

/image/2019/08/22/crop-7_9_634x1128_auyl-sharuashylyghy-1.jpg

Бүгінде ауылшаруашылық саласы Жамбыл облысы Қордай ауданының экономикасын алға сүйреуші салалардың біріне айналды. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар аясында қомақты қаржы бөлініп, ауыл экономикасы мен тұрғындардың әлеуметтік тұрмысы айтарлықтай даму үстінде.Ауданда ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 10158,8 (8589,6) млн.теңгені немесе нақты көлем индексі 106,5% құрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жалпы Жамбыл облысы әкімі мен аудан әкімі арасындағы бекітілген межеге сәйкес индикатор 111,8 пайызға артқан.

Бүгінгі күнге ауылшаруашылық саласына 1281,0 млн.теңгеге инвестиция тартылып отыр.

2019 жылы аудан бойынша барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлердің көлемі 132039 гектар болып, өткен жылмен салыстырғанда 593 гектарға өскен.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен келісіп, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мақсатында, 2019 жылы егілген жер көлемі 112620 гектарды құраған. (Оның ішінде: күздік бидай 21500 га, жаздық арпа 36800 га, дәндік жүгері 8000 га, картоп 3050 га, қант қызылшасы 1200 га, көкөніс және бақша өнімдері 6720 га, майлы дақылдар 3950 га және азықтық дақылдар көлемі 31400 га.)

2019 жылы себілген 36800 гектар жерге қажетті 6624 тонна арпа тұқымы шаруашылықтар толығымен қамтылып, жоспарлы көлемі себілді.

Шаруашылықтар 8000 гектарға қажетті 160 тонна дәндік жүгері тұқымын Алматы облысындағы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, «Будан» ЖШС және аудандағы «GR-Agro» ЖШС-н сатып алды. Шаруашылықтар жүгерінің ЗПСК-704, Арман-689, Тулпар-539, Марко-419, НК-Термо сорттарын септі.

Шаруашылықтар басқа да қажетті картоп, көкөніс, бақша дақылдарының тұқымдарымен толығымен қамтылып, себілді.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен бүгінде ауданда 5 сүт бағытында, («Қайнар-Қордай-2017», «Қасық», «Болашақ-2018», «Майсуп тегі», «Малиев»), 1 бал өнімін өндіретін («Ара Тау») және 8 кооператив егін бағытында («Алмалы», «Карасай», «Щенхо-2017», «Самғау тау», «Диас-2017» және «Қордай Корм», «Масаншы-3», «Евразия АГРО ЛТД»)жұмыстарын атқаруда. Ағымды жылы «КазМеатКордай» ЖШС-і Кырғызстан республикасына 107,8 тонна сиыр етін өткізді немесе бекітілген межеге сәйкес индикатор 179,7 пайызға артты.

Сонымен қатар, «Первомайские деликатесы» ЖШС-і 54,9 тонна қозы етін араб елдеріне өткізді.

Қазіргі уақыт талабына сай тамшылатып суғару технологиясының көлемі 7627 гектарға жетті. Жоспар бойынша 380 гектарға орнату жоспарланса, бүгінгі күнге нақты орнатылғаны 712 гектарға жетіп, жоспар 332 гектарға артып отыр.

Шаруашылықтар тарапынан 358,2 млн. теңгеге, барлығы 25 дана техника мен құрал-жабдықтар алынды. (Оның ішінде: шаруашылықтар өз қаражаттарына 10 дана техниканы 88,3 млн.тг алды және 15 дана техниканы лизингіге 269,9 млн.тг алды.)

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша МІҚ аналық басын импорттау жоспардағы 350 бастың 235 басы және қой малын сатып алу жоспардағы 5624 бастың 2283 басы алынды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар