Мемлекеттік бағдарламалардың басым бағыттары бүгінде елге елеулі демеу жасауда. Оның шарапатын қаладағылармен қатар, даладағылар да көруде. Әрине Үкіметтің жан үрлеген жобаларын жүйелу жүзеге асыру баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы орайда Жамбыл жерінде мемлекеттік бағдарламалар мінсіз мақсатын табуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен «КМФ» ЖШС-і арқылы 2019 жылдың 1-ші тоқсанында 1028 азаматқа 590,7 миллион теңге, «Қордай» Несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 20 шаруа қожалықтарына 182,5 миллион теңге несие берілген.
«Бастау бизнес» кәсіпкерлік негізінде 135 адам оқыту жоспарланса, оның қазіргі таңда 57 адамы оқытылуда. Ал, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 125 адамға несие беру көзделіп отыр.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына келсек, Қордай ауданының ауылдық елді мекендеріне білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласында тұрақты жұмыс істеуге келген мамандарға «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылған. Аталған бағдарлама аясында 2018 жылы 110 маманға жоспарланып, оның ішінде 44 маманға әрқайсына 70 төменгі есептік көрсеткіш көлемінде 11811,0 мың теңге (бір маманға 176,75 мың теңге) көтерме жәрдем ақы, 19 маманға 1500 төменгі есептік көрсеткіш көлемінде несиеге тұрғын үй сатып алуға 66673,5 мың теңге қаражат беріліп отыр. (бір маманға 3787,5 мың теңге). (Білім саласы бойынша 12 маман, денсаулық сақтау саласы 4 маман, мәдениет саласы 1 маман, ауыл шаруашылық саласы 2 маман).
Ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында болса, 19 ауылдық округ бойынша 21 нысанға 126,8 миллион теңге қарастырылған. Оның ішінде жарықтандыруға 2 жоба – 3,5 миллион теңге, жаяу жолдарды және жолдарды ағымды жөндеуге 5 жоба – 47,0 миллион теңге, жолдарды орташа жөндеуге 11 жоба – 66,9 миллион теңге және абаттандыру жұмыстарына 2 жоба – 9,3 миллион теңге бөлінген.
Әрине, бұл мемлекеттік бағдарламалардың халыққа берері мол екені аян. Және жамбылдықтар барынша жемісін көруде. Ел ертеңіне бағытталған мұндай бастамалардан әлеуметтің әлеуеті артпаса, кемімейтіні анық.
Пікір қалдыру