Қазіргі уақыт бұрынғы заман емес. Мұны бәріміз де білеміз. Сондықтан да
қай жерде, қай қызметте болсаң да алдымен есте сақтайтын бір қағида бар.
Ол –өз-өзіңді ұстай білу. Әрине, қоғам шын мәнінде адал адамдардан
тұрса, оның жөні басқа ғой. Сондықтан қоғамның айнасы кім болуы керек?
Әрине кез келген адам дерсіз. Десек те, шенеуніктердің жөні бір бөлек. Ал
шенеунік деген кім? Бұл халықпен біте қайнасқан мемлекеттің адамы, яғни
мемлекеттік қызметкер. Анығын айту керек, мемлекеттік қызметте істейтін
азаматтарға қатысты арнайы ереже немесе нақты қағида бар: Ол Әдеп
кодексі. Демек кез келген қызметкер осы әдептілік этикасынан
ауытқымауы тиіс. Өйткені халық барлығын көріп отыр. Мемлекеттік
қызметкер қашан да адал, таза және әдепті болуымыз керек деп
отырғанымыздың сыры осы. Қанша дегенмен мемлекеттік қызмет пен
қызметкердің өз талаптары бар.
Қоғам, заман өзгерді. Бүгінгі талап басқа. Оның үстіне қазіргі кезде
мемлекеттік қызметкерге үлкен талап қойылып жатыр. Президенттің де
«билік өкілдері халыққа жақын болуы қажет» деп жатқанының себебі де
осы. Сондықтан да халық билік өкілдерінің сауатты болуымен қатар,
олардың мәдениетті болуын күтеді. Өйткені кез келген мәселені халықпен
жүздесіп немесе қабылдауына шақырып шешуге болады. Негізі
шешілмейтін нәрсе жоқ, тек оны шешуге ниет болса жетіп жатыр.
Сондықтан да көп нәрсе мемлекеттік қызметкердің этикалық іс-әрекетіне
байланысты екені болатыны сөзсіз. Мұны неге айтып отырмыз?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың мамыр айында Қазақстан
халқына 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жолдағаны белгілі. Мұндағы
мақсат не? Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Ол үшін барлық сала
ілгері басуы керек. Содан кейін халықпен тікелей жұмыс істейтін
мемлекеттік қызметкерлер үшін Әдеп кодексі енгізілді. Бұл Елбасының
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан кейінгі шыққан Жарлығы. Айта кету
керек, «100 нақты қадамның» 12 -қадамында жаңа этикалық ережелерді
енгізу қажеттілігі атап көрсетіліп, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті
өкіл лауазымын енгізу керектігі атап көрсетілген. Қазіргі уақытта мұның
бәрі жүзеге асып жатыр деп айтуға болады. Мысалы, қазіргі уақытта әр
облыс, қалалық пен аудандық әкімшіліктерде Әдеп жөніндегі уәкіл бар. Ал
олардың қызметі не? Айналып келгенде, мұның барлығы да кәсіби
мемлекеттік аппарат құруға тіреледі. Сондай-ақ Әдеп кодексі де
қабылданды. Жалпы Әдеп кодексі не үшін қажет? Ең баса айтатын нәрсе,
Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органға және билікке сенімін нығайту.
Ақиқатын айту керек, кейбір жағдайда мемлекеттік қызметшілер әдепсіз
мінез-құлық танытып жататын кездері де болады. Мұндайда оларды тезге
салатын кім? Әрине деп жөніндегі уәкіл. Сонымен қатар аймақтарда Әдеп
жөніндегі кеңес те жұмыс жасайды. Мұның барлығы ақиқатын айтқанда, қызметкердің этикалық әрекетін, жүріс-тұрысын қарайды. Арагідік болса
да сыбайлас жемқорлыққа ұрынып, теріс қылықтар көрсетіп, мемлекетке
кір келтіретіндер бар. Ал кәсіби аппарат құрылып, мемлекеттік
қызметкерлер Әдеп этикасын қатаң ұстаған жағдайда мұндай теріс
жағдайлардың бірі де болмайды.
Ал жалпы Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі не?
1. Мемлекеттік қызметшілерге әртүрлі заңнамалар бойынша көмек
көрсетеді.
2. Әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша өтініштерді қарайды.
Аталған өтініштер жеке немесе заңды тұлғалардан түсуі мүмкін
3. Мемлекеттік қызметкерлер арасында қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастыруға жәрдемі тиеді.
4. Мемлекеттік қызметкерлердің құқы бұзылған жағдайда олардың
құқын қорғайды.
5. Мемлекеттік қызметкерлердің әдепке сай әрекеттерін талдап,
бақылап отырады.
6. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын
бұзған жағдайда олардың жұмысына сай еместігін анықтау немесе
талқылау туралы тиісті ұсыныммен шығады.
Нақты айтқанда, Әдеп жөніндегі уәкіл Елбасы тапсырмасы бойынша
құрылған қызмет. Ал оның бүгінгі таңда орны үлкен. Өйткені кез келген
адам қызметкер бола алмайды. Ал мемлекеттік қызметке келген адам Әдеп
нормаларын бұзбауы тиіс. Сонда ғана мемлекеттік қызметкерге деген
халықтың сенімі нығаяды. Ал халық пен биліктің арасын жақындату
туралы нақты қадамдар жасалынып тұрған қазіргі шақта «100 нақты
қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамында айтылғандай бұл мәселе ұлт үшін
де кәсіби аппарат үшін ұтымды дегіміз келеді.
Пікір қалдыру