Өткенді жаңғыртып, өшкенімізді тірілту

/image/2019/09/22/crop-10_13_579x772_oshkendi-tiriltu.png

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлы өркениетке бастайтыны хақ. Бұл өткенді жаңғыртып, өшкенімізді тірілту.

Осы орайла Орта Азия аумағында археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілу нәтижелері зороастризмдік, иудаизм, буддалық, христиандық, шамандық және т.б. мәдениеттердің болғандығын баяндалады. Атап айтқанда, Орта Азияда б.д.д. II-І мыңжылдықтар кезеңінде буддалық дінге қатысты құлшылық ететін үйлер табылғандығы, ал б.д.д. III-II мыңжылдықта зороастризмнің болғандығы, ал б.д. бірінші мыңжыңдығының аясында христиандық дін болғандығы әр түрлі зерттеулермен дәлелденген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жоғарыдағы археологиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, осы аталған діндерге байланысты құлшылық жасайтын ғибадатханалар Орта Азия аумағында табылған, ал евроцентристік және Араб түбегінің зерттеуші ғалымдардың қасиетті кітаптардың: Таурат, Забур және Інжіл Арабия түбегіне түскендігі туралы еңбектерінде көрсеткен. Осы тұста, заңды сұрақ туындайды, атап айтқанда: аталған діндердің ошағы Араб түбегі болатын болса, онда осы діндерді тарату мақсатында неге Орта Азия аумағында дінді тарату соғысы болмаған,-деген ғылыми сұрақ туындайды және бұл жайлы ешқандай ғылыми деректер жазылмаған. Ал, Құран Кәрімнің түсуіне байланысты, яғни ислам дінін тарату мақсатында соғыс болғандығы туралы дерек көздері өте көп.

Осыған байланысты, біздің тұжырымымыз бойынша зороастризм, иудаизм, буддалық және христиандық діни наным-сенімдер Орта Азиядан тарағаны туралы ғылыми гипотезаны ұсынудамыз.

Біріншіден осы гипотезаны жүзеге асыруға түрткі болған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы ф.ғ.д.,профессор Б.К.Бейсенов яғни, ол төмендегідей тұжырымдайды: «эта история не миф и не легенда, а вполне реальный случай из жизни реального человека. Бог, по словам ученого, помог создать настоящего человека и обучил его человеческому языку, который, по совпадению, оказался казахским» . Оның пайымдауынша Адам атаның қазақ екенін және оның сөйлеген тілінің қазақ тіліне сәйкес келетіндігі туралы айтылған.

Ғалымдар өздерінің осы ғылыми мақаласында «Адам» және «алма» сөздерінің мағынасы мен бүгінгі күнгі қолданылуын назарға алады яғни олар: «Адам» сөзінің орыс тіліндегі аудармасы «человек» және «алма» жемісінің орыс тіліндегі мағыналық аудармасы «яблоко», ал сөзбе-сөз аудармасы «небери» дегенді білдіретіндігіне баса ықылас аударады. Сонымен қатар, аталған мақаланың авторлары тыйым салынған жеміс туралы тарихтың –аңыз немесе ойдан шығарылмағандығын айғақтайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар