Жамбылда жыл соңына дейін 2175 адам пәтермен қамтылады

/image/2019/09/22/crop-14_4_376x669_pater.jpg

Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттардың бірі – «Қуатты өңірлер – Қуатты ел» жобасы. Бұл бағытта ең бірінші жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру міндеті тұр. Осы орайда Жамбыл облысында бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штаттық бірліктерін оңтайландырудың жобасы әзірленді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Тараз қаласы және аудан әкімдіктеріне бекітілген 2173 штаттық бірлікті оңтайландыру нәтижесінде 742 штаттық бірлікті лауазымынан төмендету жоспарлануда. Бұл жалпы төмендетілуге жататын 1773 штаттық бірліктің 41,8%-ы.

Лауазымы төмендетілетіндер ішінде 175 штаттық бірлік басшы қызметіндегілер, 567 штаттық бірлік орындаушы қызметіндегі лауазымдар.

Мемлекеттік органдардың жоба бойынша бекітілетін жаңа штаттық құрылымдарына сәйкес, басшылық құрам жалпы 18,2%-ға азаяды (128 шт.бірлік) деп күтілуде.

Жоба бойынша облыс әкімдігінің басқармаларын 17-ге дейін азайту көзделуде (15 басқарма өзара біріктіріліп, 7 басқарма болып қайта құрылады, 10 басқарма өзгеріссіз қалады). Нәтижесінде, жалақы төлемін арттыруға қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, тұрғындар тарапынан жергілкті билік жұмысының тиімділігін бағалау жүйесін енгізу ұсынылуда. Бұл халық пен биліктің арасын жақындатып, жұмысты нәтижеге бағыттауға мүмкіндік береді.

Бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалаудың да маңызы зор.

Бұл бағытта Үкімет қаулысына сәйкес жұмыс жүргізілетін болады. Басқарылатын урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаты. Облыста тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жолға қойылған.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына 17,6 млрд. теңге қаралды. Осы қаржы есебінен 2019 жылы 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп (28 үй - 2019 жылы тапсырылуы тиіс, 2 арендалық үй – 2020 жылға өтпелі Тараз-1, Қордай-1), 24 инженерлік инфрақұрылым жобалары іске асырылуда (оның ішінде көпқабатты үйлердің инфрақұрылымы Тараз қаласы 9 үй 328 млн.тг. 22 нысан- 2019 жылы тапсырылуы тиіс, 2 нысан -

2020 жылға өтпелі). Жалпы, жыл соңына дейін 2175 адамды пәтермен қамту көзделіп отыр.

Оның ішінде, кредиттік 1 460 пәтерлі 21 үй (111 175 шм), арендалық 528 пәтерлі 7 үй (26 700 шм), 187 пәтер кезектегі көпбалалы отбасыларына сатып алу.

Сонымен қатар, 1 704 га тұрғын үй алқабы (8 272 учаске) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылмақ.

2020 жылға 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге барлығы республикалық бюджеттен 11,1 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Оның ішінде 17 арендалық үйдің құрылысына 4,9 млрд.теңге және 13 кредиттік үйлердің құрылысына 6,2 млрд.теңге қажеттілік айқындалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар