Көлікті тіркеу және қайта тіркеу уақытша тоқтатылады

/image/2019/09/23/20180523161117.jpg

Бұл жөнінде "Азаматтарға арналған үкімет" МК-ның қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook парақшасында хабарлады.

"Құрметті автокөлік иелері! ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтер қорында техникалық жұмыстардың жүруімен 23 қыркүйекте мамандандырылған ХҚКО-да көлікті тіркеу мен қайта тіркеу сағат 10.30-дан 12.30-ға және 17.00-ден 19.00-ге дейін тоқтатылады.

Айта кетейік, аталған қызмет түрлері осы аралықта электронды үкімет порталында да қолжетімсіз болады. Түсіністік танытуларыңыз сұралады", – делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар