Баянауыл ауданының аумағындағы өрт сөндірілді

/image/2019/09/23/crop-107_146_444x789_01-2.jpg

Аудандағы өрт шарпыған бес ауылдық округтің үшеуінде өрт толықтай сөндірілді. Жапа шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан деректі негізге ала отарып.

Павлодар облысы әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған штаб қызметкерлері өрт сөндіру жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.

Қызыл от шарпыған үш ауылдық округте өрт толық сөндірілді, тағы да екі ауылда өрттің беті қайтарылды. Сонымен қатар, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің тау бөктерлеріндегі өртті сөндіру жұмыстары да жүріп жатыр.

 – Бұл орман-дала өртінің пайда болуына және сөндірушілерге бой алдырмауына өткен күндері ауданда ауа температурасының жоғары болуы және жылдамдығы секундына 20-24 метрге дейін жеткен желдің күшеюіне байланысты болды, – деді өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов. – Кешеден бері өртті сөндіруге 120 бірлік техника мен департаменттің жеке құрамы, ұлттық парк қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының өкілдері, барлығы  500 адам жұмылдырылды.

Таңертең өрт сөндіруге МИ-8 тікұшағы да кіріседі. Үш тонналық цистернаны көтеріп ұшатын әуе техникасының көмегімен жол үсті техникасы жете алмайтын аумақтардағы өрт сөндіріледі.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар